Аймақтар • 06 Қараша, 2020

"Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры" өз қызметін тоқтатты

749 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жалғыз акционердің шешімімен «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы - «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ «Қазақстандық Ипотекалық Компания» ИҰ» АҚ-ға қосылу жолымен өз қызметін тоқтатты.

"Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры" өз қызметін тоқтатты

Айта кету керек, Қазақстандық ипотекалық компаниясына Қордың үлестік құрылысты аяқтау бойынша кепілдіктер беру функциясы да өтті.

Осылайша, Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторын құру соңғы сатысында тұр. Сонымен қатар атауын «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» деп өзгерту жоспарлануда.

Естеріңізге сала кетейік, «Бәйтерек» холдингі Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша өзінің тұрғын үй блогын оңтайландыруды жүргізуде. Бұл үшін Холдинг өзінің «Бәйтерек девелопмент» және «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» екі еншілес компаниясын үшінші – «Қазақстан ипотекалық компаниясына» біріктіруді жүзеге асырды. Осы мақсатта барлық заңнамалық аспектілер реттелген. ҚИК-ке сондай-ақ құрылыс салушыларды субсидиялау бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының функциялары берілетін болады.

Бірыңғай оператор жеке құрылыс салушылармен және жергілікті атқарушы органдармен мынадай құралдар арқылы қолжетімді тұрғын үй салу бойынша ғана жұмыс істейтін болады:

1) әкімдіктердің облигацияларын сатып алу тетіктері арқылы тұрғын үй құрылысын қаржыландыру;

2) үлестік құрылысты аяқтау бойынша кепілдіктер беру;

3) жеке құрылыс салушылардың коммерциялық кредиттері бойынша субсидиялау;

4) әкімдіктер жанындағы уәкілетті ұйымдарға, сондай-ақ мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде тұрғын үй салуды жүзеге асыратын заңды тұлғаларға кредит беру;

5) инвестициялық жобаларды қаржыландыру және іске асыру;

6) тұрғын үй құрылысы мәселелері бойынша талдамалық зерттеулер жүргізу;

7) уәкілетті органның лицензиясы негізінде ипотекалық қызмет;

8) қолжетімді тұрғын үй құрылысы мәселелері бойынша стратегиялық IT-бастамаларды дамыту.

Қызметті оңтайландыру және қайталанатын функцияларды алып тастау есебінен жалпы әкімшілік шығыстар 40%-ға немесе 3,4 млрд теңгеге қысқартылатын болады. Штат саны 32%-ға немесе 101 бірлікке, оның ішінде басқарушы буын қысқартылатын болады.