Аймақтар • 06 Қараша, 2020

Үгіт насихат жұмыстары жалғасуда

329 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаменті кадр саясаты бөлімшесінің (КСБ) инспекторлары, атап айтқанда ГМ-172/6 мекемесі КСБ инспекторы әділет кіші лейтенанты Айгерім Жолдасбаева, кәсіби даярлық жөніндегі аға  инспекторы әділет аға инспекторы Серік Демеуов және ГМ-172/10 мекемесі КСБ инспекторы әділет лейтенанты Набира Бисекова Ұлттық ұланның 6656 әскери бөлімшесінің сарбаздарына қылмыстық атқару жүйесіне жұмысқа қабылдау бойынша үгіт насихат жұмыстарын жүргізді.

Үгіт насихат жұмыстары жалғасуда

Кездесу барысында кадр аппаратының қызметкерлері сарбаздарға ішкі істер органдары қызметіне 18 жасқа толған (35 жастан аспаған, ер балалардың бойы 170 см кем емес, қыз балалардың бойы 165 см кем емес) үміткер қабылданатынын, ішкі істер органдары қызметкерлеріне қойылатын талаптарды, оның ішінде, орта басшы құрамның лауазымдары үшін – жоғары білімі бар, нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сəйкес келетін, қатардағы жəне кіші басшы құрамның лауазымдары үшін – орта, орта кəсіптік білімі бар (ер балаларға, қарулы күштер қатарында қызметін өткен) азаматтар қабылданатынын атап өтті.

Үгіт насихат жұмыстарын жүргізуге әскери бөлім командирінің  тәрбие жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Еран Аширбаев қолдау көрсетіп, жалпы саны 300 сарбаз қатысты.