Аймақтар • 08 Қараша, 2020

Селфи жасаймын деп, Есiл өзеніне құлап кетті

191 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

22 жастағы жігіт селфи жасаймын деп, Есiл өзеніне құлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Селфи жасаймын деп, Есiл өзеніне құлап кетті

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментіне Атырау көпiрiнен ер адамның құлап кеткендiгi туралы хабарлама келіп түсті. Полиция қызметкерлері оқиға орнына келгеннен кейін 22 жастағы жiгiттiң селфи жасаймын деп абайсызда Есiл өзеніне құлап кеткенiн анықтады. Жігіт жарақат алған жоқ. Жағаға өзі жүзiп шыққан. Экстремалдық фото жасау кейде адам өміріне қауіп тудыруы мүмкін.

Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті селфиге түскен кезде қауіпсіздік шараларын сақтау туралы ескертеді.