Оқиға • 09 Қараша, 2020

Әлеуметтік сала айрықша назарда

389 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Әрине, халыққа тұрғын үймен қатар әлеуметтік нысандар да керек. 2020 жылы Батыс Қазақстан облысында 18 әлеуметтік жобаны іске асыруға 11,5 млрд теңге қарастырылған екен. Оның 9-ы – білім беру нысаны.

Әлеуметтік сала айрықша назарда

Таратып айтсақ, 2,9 млрд теңге қаржыға Орал қала­сын­дағы №33 және №51 орта мектептердің құрылысы, Қазта­лов ауданы орталығы мен Сары­құдық ауылындағы мектеп ғи­ма­раттары, Бәйтерек ауданына қарасты Зеленое ауылындағы орта мектеп құрылысы салын­бақ. Бөкей ордасы ауданының Бөрлі ауылындағы Мәдина Бегалиева атындағы орта мек­те­бінде екі ғимарат арасында жабық өткелі, Жәнібек ауда­нында Алма Оразбаева атын­да­ғы орта мектептің спортзал құ­рылысы, Ақжайық ауданы орталығындағы орта мектеп те – осы жоспар ішінде.

Облыстық ауруханаға жапсарлас салынған қосымша мен тез тұрғызылатын жұқпалы аурулар ауруханасының құры­лы­сына – 7,4 млрд теңге қа­рас­ты­рылған.

Сондай-ақ Теректі ауда­ны Жаңа өмір ауылында, Шын­ғыр­лау ауданының Тас­мо­ла ­ауылында, Жаңақала ауданы Жаңажол ауылында ауылдық мәдениет үйлері салынуда. Орал қаласы мен Тасқала ауданы орталығында әкімшілік нысан ғимараты салынып, Қаратөбе ауданы орталығында құрылыс жүріп жатыр.

Жоғарыда айтылған нысан­дар­дың ішінен бүгінгі таңда 5 әлеу­меттік ғимараттың құры­­лы­­сы аяқталған. Батыс Қа­зақ­­стандағы Қара­шы­ғанақ газ кон­денсат кешенін иг­е­ру­ші ше­тел­дік альянс жыл сайын облыс бюджетіне қомақты қаржы құйып, өңірдің әлеу­меттік мәселелерін де ше­шуге атсалысып келеді.

2020 жы­лы Қарашығанақ Петро­леум Оперейтинг б.в. ком­па­ния­­сының қаражаты есебінен Жа­ңа­қала ауданы орталығында дене­ шынықтыру-сауықтыру ор­та­лы­ғының құрылысы аяқталды. Соны­мен қатар қазіргі таңда дәл осын­дай 8 дене шынықтыру-сауық­тыру орталығы мен балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінің бір ғимараты, Орал қаласында 1 көпбейінді мәде­ниет сарайының құрылысы жү­ріп жатыр. Орал халықаралық әуе­жай ғимаратының қайта құ­­ры­лысы мен модернизация­ла­­уы да осы ҚПО есебінен жүр­­­­гізілуде. Таяу болашақта Жә­­нібек, Ақжайық, Бөкей ор­дасы, Шыңғырлау, Қаз­та­лов, Тас­қала ауданы орта­лық­та­рын­­да, Теректінің Подстепное және Қазталовтың Жалпақтал ауыл­­дарында да заманауи спорт кешендері пайдалануға берілмек.