Технология • 09 Қараша, 2020

Ата кәсіпті ілгерілететін технология

165 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіне қой саууға арналған жылжымалы кешен табысталды. Орталық Азия аймағында алғаш рет Қазақстанда пайдаланылатын технологияны Түркияның ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі қайтарымсыз негізде беріп отыр.

Ата кәсіпті ілгерілететін технология

С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ мал шаруашылығы, ба­­лық шаруашылығы, шырын өнді­рісі және суды басқару сала­сындағы қызметкерлердің білік­тілігін арттыру мақсатында Түрік ынтымақтастық және үйлес­тіру агенттігімен (TIKA) алдағы уақытта білім-ғылым саласы бо­йынша ынтымақтастық орнат­пақ. Осыған дейін агенттіктің қол­дауымен Халықаралық мал шаруа­шылығын зерттеу және оқыту орталығымен (Анкара, Лаллахан) әріптестік байланыс жасалған-ды. Оның аясында докторант Ақнұр Молдашева тамақ өнімдерін қайта өңдеу технологиясы бойынша ғылыми тағылымдамадан өтіп, жас маман қой сүтінен алынатын өнім­дер бойынша түрлі зерттеулер жүргізіп, таза өнім алудың жаңалығын үйреніп келді.

«Жобаға сәйкес, қой сүті­нен алынатын өнімдерге ар­налған технологияны және әзір­ленген өнімдерге қажетті норматив­тік-техникалық құ­жат­таманы дайындау көздел­ген. Ашыған сүт өнімдерін, жұм­сақ ірімшікті және ұлттық өнім құртты әзірлеу мен өндіру­ге бағытталған жұмыстар пы­сықталады», деді университет өкілдері.

Университеттің басқарма төрағасы Қайрат Айтуғановтың айтуынша, бірлескен ғылыми жобаның келешекте маман даяр­лау жолында пайдасы көп. Алдағы уақытта аталған кешен шаруашылықтарда өндіріске енгізіліп, қойдың сүтін университет зертханаларында сараптамадан өткізумен қатар өнім ретінде шығарылады.

Халықаралық мал шаруа­шылығы ғылыми-зерттеу орта­лығы бұл жобаға қызығу­шылық танытып, Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі құрал-жаб­дықтарды оқу орнына ақысыз түрде беру жөнінде шешім қа­был­­дады. Бұл жабдықты құрас­тыратын түрік компаниясы тренинг өткізіп, жылжымалы жү­йемен жұмыс істеуді және алынатын өнімдер технологиясы бо­йынша кеңестер берді.