Әлем • 09 Қараша, 2020

АҚШ-та індет өршіп барады

134 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенбіде жа­­риялаған мә­лі­меттерге сәй­кес, АҚШ-та соң­ғы үш күн қатарынан рекордтық көрсеткіштер тіркелген. Жұма күні 126 480 адамның вирус жұқтырғаны анықталған. Елдегі COVID-19 жұқ­тыр­ғандардың жалпы саны 9,7 миллионнан асқан, ал 236 мыңнан астам адам індеттен қайтыс болды.

АҚШ-та індет өршіп барады

Байден мен жаңа сайланған вице-президент Камала Харрис вирусты бақылауға алудың кешенді жоспарын таныстырды. Ол бойынша ондаған миллион сынақ тесттерін жасап, оны тарату қарастырылған. Сондай-ақ АҚШ-тың денсаулық сақтау саласындағы жұмыс­пен қамту корпорациясына қосымша көмек ретінде кем дегенде 100 000 амери­калықты жұмылдыру қажеттігі айтылды.

Бірақ бұл қадамдардың ауа райының суытуымен және соған байланысты індеттің қайта өршуімен қалыптасқан жағдайда қаншалықты тиімді болатыны белгісіз. 

Жұма күні кешке Трамп әкімшілігінің басшысы Марк Медоуздың да вирус жұқтырғаны анықталды. Бұл әзірге Ақ үйде тіркелген соңғы жағдай.  Соңғы апталарда Ақ үйдің бірнеше қызметкері мен сайлауалды насихатпен айналысқан мамандардың індет жұқтырғаны белгілі болған еді.