Әлем • 09 Қараша, 2020

Жарқанат арқылы жұғатын тағы бір қауіпті вирус өршіді

1232 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ғалымдар жарқанаттар арқылы жұғатын Нипах вирусының қаупін ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz

Жарқанат арқылы жұғатын тағы бір қауіпті вирус өршіді

Нипах - Бангладеш пен Үндістанның адам көп шоғырланған аудардарында жыл сайын өршитін, жануарлар арқылы жұғатын және өлімге әкеп соғатын ауру. Адамдарға әдетте жануарлардың сілекейі тиген жемістер арқылы жұғады. Қазір бұл вирустан дәрі де, вакцина да жоқ және жұқтырғандардың 90 пайызы қайтыс болады.

Мамандар аурудың бұрынғыға қарағанда көп таралып жатқанын және жемістер жоқ аудандарда да өршігенін байқаған. Зерттеушілер Нипахтың SARS-CoV-2-ден айырмашылығы адамнан адамға оңай жұқпайды, бірақ жарқанаттарда вирустың штамдары өзгеріп кездесуі мүмкін екенін айтты.
 
"Егер мұндай болып жатса, онда соңы өлімге әкелетін аурудың таралуына себеп болуы мүмкін", деді зерттеу жетекшісі, дәрігер Джонатан Эпштейн.

Ғалымдардың айтуынша, аурудың өршуі аяқ астынан болуы мүмкін. Бірақ симптомдары басқа ауруларға, мысалы жапон энцефалитіне және малярияға ұқсас болғандықтан, жұқтырғандардың көптігіне назар аударылмай келеді.