Елорда • 09 Қараша, 2020

Селфи жасамақшы болған жігіт Атырау көпірінен құлап кетті

186 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жігіт селфи түсіремін деп, Есіл өзініне құлап кетті, деп хабарлайды Egemen.kz

Селфи жасамақшы болған жігіт Атырау көпірінен құлап кетті

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментіне Атырау көпiрiнен ер адамның құлап кеткендiгi туралы хабарлама келіп түсті. Полиция қызметкерлері оқиға орнына келгеннен кейін 22 жастағы жiгiттiң селфи жасаймын деп абайсызда Есiл өзеніне құлап кеткенiн анықтады. Жігіт жарақат алған жоқ. Жағаға өзі жүзiп шыққан.

Экстремалдық фото жасау кейде адам өміріне қауіп тудыруы мүмкін. Қалалық Полиция департаменті селфиге түскен кезде қауіпсіздік шараларын сақтау туралы ескертеді.