Ауа райы • 09 Қараша, 2020

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

455 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

"Қазгидромет" РМК алдағы 3 күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Синоптиктердің хабарлауынша, алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігіне Об шығанағы аудандарынан циклон жырасы әсер етеді. Жауын-шашын жауады, оңтүстік және шығыс бөлігінде кей жерлерде қатты жауын-шашын күтіледі.

Басым бөлігінде жел күшейеді. Кей жерлерде тұман, көктайғақ және жаяу бұрқасын күтіледі.