Әлем • 09 Қараша, 2020

Қытай ғарышқа жаңа үлгідегі зымыран ұшырды

827 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытайдың Galactic Energy жеке компаниясы алғаш рет төрт сатылы Ceres-1 зымыранын ұшырды, деп хабарлайды Egemen.kz Xinhua сайтына сілтеме жасап.

Қытай ғарышқа жаңа үлгідегі зымыран ұшырды

Жаңа зымыран тасығыш қытайдың солтүстік-батысындағы Цзюцюань ғарыш айлағынан 8 қарашада Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 13:12-де ұшырылды және бірнеше минуттан кейін биіктігі 500 километр күн-синхронды орбитаға сәтті көтерілді.

Galactic Energy мәліметтері бойынша, жеңіл төрт сатылы Ceres-1 зымыраны салмағы 350 килограмға дейінгі жүкті жер маңындағы төмен орбитаға және биіктігі 700 километр күн-синхронды орбитаға 230 килограмға дейінгі жүкті шығаруға қабілетті. Алғашқы үш саты қатты отынды зымыран қозғалтқыштары, ал соңғы саты спутниктерді орбитаға дәл орналастыруға жауап береді және гидразинмен қоректенетін сұйық зымыран қозғалтқышымен жабдықталған.