Қоғам • 09 Қараша, 2020

Павлодарлықтың әйелі мен үш баласын өлтіріп кеткен

328 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үйіне келген павлодарлық зорлық-зомбылық белгілері бар үш, бес және жеті жастағы балаларының және әйелінің мәйітін тауып алды, деп хабарлайды Egemen.kz

Павлодарлықтың әйелі мен үш баласын өлтіріп кеткен

"Тоғызыншы қарашада сағат 12:00-де полицияға ер адамнан Айманов көшесі, 2-үйдегі пәтерден төрт адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы үйге келген пәтер иесі есікті аша алмағанын анықтады, өйткені есік ішінен жабылып қалған. Есікті көршілерінен шарқайрақ сұрап ашқан", деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тәртіп сақшыларының ақпараты бойынша, ол пәтерге кірген кезде бөлмелердің бірінде зорлық-зомбылық белгілері бар жұбайының және үш баласының (2013, 2015 және 2017 жылдары туған) мәйітін тапқан. Ер адам мен оның әйелі бірге тұрған, ал балалары ақ некеден туған. Пәтер сол қалпында. Полицияны өзі шақырған.

"Аталған факті бойынша 99-баптың үшінші бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. Бірқатар сараптама тағайындалды", деді Павлодар облысы полиция департаменті басшысының орынбасары Елдар Әбдікенов.