
Онлайн сынып Ресейдің Алтай Республикасындағы Қосағаш ауылында өткен "Қосағаш ауданындағы қазақ тілін оқытудың дамуы, мәселелері және болашағы" атты халықаралық конференциясы шеңберінде "Отандастар қоры" КеАҚ қолдауымен ашылды.
⠀
Қосағаш ауданы білім беру басқармасы және Қосағаш қазақтарының жергілікті қоғамдық ұйымы ұйымдастырған іс-шараға "Отандастар қорының" өкілдері онлайн режимдегі телекөпір арқылы қатысты.
⠀
"Отандастар қорының" вице-президенті Мағауия Сарбасов конференция қатысушыларына сәттілік тілеп, қор басшылығы қазақ тілін дамытуға бағытталған іс-шараларды әрдайым қолдап, оң бағасын беретінін жеткізді.