23 Қараша, 2013

Сулы, нулы, берекелі Жетісу

394 рет
көрсетілді
26 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Біз «Алдымен экономика – cодан соң саясат» деген айқын формуламен ілгерілеп келеміз. Саяси реформалардың әрбір кезеңі экономика дамуының деңгейімен ұштасады. Сондықтан да біз саяси ырықтандыру жолын дәйекті ұстанудамыз. Осылайша ғана елді жаңғыртып, оны бәсекеге қабілетті етуге болады» деп нақтыланған. Бұл ретте Жетісу жерінде ағымдағы жылдың он айында атқарылған жұмыстарды сараласақ, ауыл шаруашылығында 325,8 млрд. теңгеге өнім шығарылды. Нақтылай түссем, 239,8 мың тонна мал мен құс еті, 595,6 мың тонна сүт, 737,8 млн. дана жұмыртқа өндірілді, 8 мың тонна жүн қырқылды. Жалпы, облысымызда 972,5 мың бас ірі қара болса, қой мен ешкі – 3685,9 мың, шошқа – 181,7 мың, жылқы – 275,5 мың және құс – 10497,5 мың басты құрады.

DSC 6262 2222222222

ТҮЛЕГЕН ӨЛКЕ ТЫНЫСЫ

05 6Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Біз «Алдымен экономика – cодан соң саясат» деген айқын формуламен ілгерілеп келеміз. Саяси реформалардың әрбір кезеңі экономика дамуының деңгейімен ұштасады. Сондықтан да біз саяси ырықтандыру жолын дәйекті ұстанудамыз. Осылайша ғана елді жаңғыртып, оны бәсекеге қабілетті етуге болады» деп нақтыланған. Бұл ретте Жетісу жерінде ағымдағы жылдың он айында атқарылған жұмыстарды сараласақ, ауыл шаруашылығында 325,8 млрд. теңгеге өнім шығарылды. Нақтылай түссем, 239,8 мың тонна мал мен құс еті, 595,6 мың тонна сүт, 737,8 млн. дана жұмыртқа өндірілді, 8 мың тонна жүн қырқылды. Жалпы, облысымызда 972,5 мың бас ірі қара болса, қой мен ешкі – 3685,9 мың, шошқа – 181,7 мың, жылқы – 275,5 мың және құс – 10497,5 мың басты құрады.

Ал өнеркәсіпте 472,5 млрд. теңгеге өнім өндіріліп, 30 жаңа нысан пайдалануға берілді. Қолданыстағы 18 өндіріс орны кеңейтіліп, қосымша 1089 жұмыс орны ашылды. Бұл біздің тек шикізат өндірумен шектелмейтінімізді аңғартады.

Индустрияландыру картасы шеңберінде Көксу ауданында соя майын шығаратын «УызМайindustry» зауыты, сондай-ақ, Панфилов ауданында жүгеріні крахмал өнімдеріне қайта өңдеу зауыты іске қосылды, Сарқан СЭС-2 жаңартылды, Ұйғыр ауданында сауықтыру туристік орталығы пайдалануға берілді.

Шағын және орта кәсіпкерлік саласында 249,3 мың адам жұмыспен қамтылған. 511,2 млрд. теңгеге өнім шығарылып, бюджетке 20,7 млрд. теңге түсті. Негізгі капиталға түскен инвестиция көлемі 320,6 млрд. теңгені, құрылыс жұмыстарының көлемі 139,2 млрд.теңгені құрады.

Баспана мәселесіне келсек, бүгінгі күнге дейін 727,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Ел экономикасының негізгі қаржысы мемлекеттік бюджет жос­пары 106,7 пайызға орындалды. Яғни 184,8 млрд. теңге болжамдалып, 197,3 млрд. теңгеге орындалды.

Әлеуметтік сала бойынша 10 ай ішінде облыста 16877 жұмыс орны ашылды. 19302 адам өтініш жасап, оның ішінде 14954 адам жұмысқа тұрғызылды. Қоғамдық жұ­мыс­тарға 8184, кәсіби даярлыққа 1611 жұ­мыс­сыз жолданды. Әлеуметтік жұ­мыс орын­дарына 279 адам, жастар іс-тәжі­ри­бесіне – 512 түлек жұмысқа кірді. Қыр­күйек айындағы тұрғындардың жан басына шаққандағы ақшалай табысы өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 5,2 пайызға өсіп, 44 мың теңгені құрады. Қаңтар-қазан айларындағы орташа айлық жалақы былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5,9 пайызға өсіп, 84 мың теңгені құрады. Жұмыссыздық деңгейі де былтырғы жылмен салыстырғанда біраз төмендей түсті.

Ағымдағы жылы денсаулық сақтау саласында 21 нысанды салу, жаңғырту және сейсмокүшейту жүргізілуде, соның ішінде 2 аурухана, 11 дәрігерлік амбулатория іске қосылды. 22 денсаулық сақтау нысаны күрделі жөндеуден өтті.

47 білім нысанын салу, қайта жаңғырту және сейсмотұрақтандыру жұмыстары жүргізілуде. Соның ішінде 8680 оқушыға арналған 29 мектеп, 2230 орындық 12 балабақша, 600 орынға арналған кәсіби лицей, қала сыртындағы лагерьлер бар. Биылғы жылы 31 нысан, соның ішінде 18 мектеп, 10 балабақша, лагерь іске қосылады. Осы салада бүгінгі күнге дейін 3390 орынға арналған 13 мектеп және 3 балабақша пайдалануға берілсе, 53 білім беру нысанына күрделі жөндеу жүргізілуде. Соның ішіндегі 40 нысан жөнделіп бітті, қалған 13 нысан белгіленген кесте бойынша жыл аяғына дейін толық бітеді.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдар­ла­масын жүзеге асыру барысында шамамен 3 мың кәсіпкерге қолдау шаралары көрсетілген еді. Мемлекеттік қолдау 9,4 млрд. теңгені құрады. Соның ішінде 29 жоба бойынша 3,2 млрд. теңгеге сыртқы инфрақұрылым құрылысы қамтамасыз етілген. Бағдарламаны жүзеге асыру басынан 9 мыңнан астам жұмыс орны сақталып, шамамен 2 мың жаңа орын құрылған, 3,6 млрд. теңге салық төленді.

245 жобаға қолдау көрсетілді. Бірінші бағыт бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға 2,5 млрд. теңгеге 162 жоба мақұлданған, 106,7 млн. теңгеге 5 жоба банк кепілдігін алды. Жас кәсіпкерлер үшін 132 млн. теңгеге 41 грант ұсынылды. 3,2 млрд. теңгеге 31 инфрақұрылым жобасы жүзеге асырылды. Валюталық несиесі бар кәсіпорындарды қолдау жөніндегі үшінші бағыт бойынша 6 млрд. теңгеге 8 жоба мақұлданды. Төртінші бағыт бойын­ша 198 млн. теңгеге 2862 кәсіпкерлік субъектілеріне сервис қызметі көрсетіліп, 700-ден астам қатысушылар оқытылды. «Назарбаев университетінде» 24 кәсіпорын басшысы, «Іскер байланыстар» жобасы бойынша 45 топ-менеджер оқытылып, 5 адам шетелдік тағылымдамадан өтіп келді, «Бизнес-кеңесші» жобасы бойынша 633 адам оқытылды.

2013 жылы бағдарлама аясында 2,7 млрд. теңге бөлініп, мұның 2,2 млрд. теңгесі немесе 82 пайызы игерілді. Жыл басынан бері 69 жоба мақұлданды. Соның ішінде пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бойынша 34 жоба бар. Егер нақтылай түссем, Қарасай ауданында 2246,9 млн. теңге несиеге «Terra Nova» ЖШС, Іле ауданында 365,6 млн. теңгеге «Терминал Темір Керуен» ЖШС, Талдықорған қаласында 46,8 млн.теңгеге «Алматы бояулары» ЖШС және ішінара кепілдеме бойынша Алакөл ауданында 4,5 млн. теңгеге «Р.П.Талтусова» ЖК, Еңбекшіқазақ ауданында 3,9 млн.теңгеге «Алимжанов» ШҚ жобалары және инфрақұрылымды дамыту бойынша 502 млн.теңгеге 6 жоба мақұлданды. 27 кәсіпкерге 90 млн. теңгенің гранты ұсынылды.

Ағымдағы жылы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының шеңберінде қолдау тапқан ШОБ-тегі субъектілер саны 1067 кәсіпкерді құрады. Мұның 629 субъектісі немесе жалпы санның 59 пайызы ауылдық жерде орналасқан.

Ағымдағы жылдың басынан бағдарламаны жүзеге асыру барысында 1000-нан астам жұмыс орны сақталып, 1238 жаңа орын құ­­рыл­ды, 800 млн. теңгеден астам салық тө­ленді.

Қорыта айтқанда, Елбасының сараб­дал саясатына сай Жетісу өңірінде атқарылып жатқан жұмыстар жетерлік. Біздің баянда­ғанымыз сол жұмыстардың бір парасы ғана. Алдағы уақытта атқарар істер де жетерлік. Бір жақсысы, Елбасының сара саясаты нәтижесінде бағытымыз айқын. Ал жүктеліп отырған міндет жүгі салмақты. Соның барлығын белгіленген мерзімде жоғары деңгейде орындау облыс экономикасын одан әрі дамытуға қызмет етеді.

Аңсар МҰСАХАНОВ,

Алматы облысының әкімі.

05 2

ӨҢІР ТАРИХЫНАН

Қасиетті Хан Тәңірінен (6995 метр) бастау алатын жер жәннаты Жетісу жерінің басым бөлігін Балқаш, Алакөл, Сасықкөл секілді қырыққа жуық табиғи су қоймалары алады. Оңтүстігінде Күнгей Алатау, Теріскей Алатау, Кетпен қыраттары, оңтүстік шығысында – Жоңғар Алатауы, Жоңғар қақпасы орналасқан. Алматы облысының аумағынан үлкенді-кішілі ондаған өзен ағып өтеді. Іле өзені (811 шақырым), 11,5 шаршы шақырым алаңды алып жатқан Қапшағай су қоймасы, Қаратал (390 шқ), Ақсу (316 шқ), Лепсі (417 шқ) өзендері Балқаш-Алакөл ішкі тұйық алабын құрайды.

Жетісу жерінде түп-тұқиянымыз болып саналатын тиграхауда сақтары б.з.д VII-V ғасырларда өмір сүрген. Оның белгісі ретінде Сақ қорғандары Кербұлақ ауданы аумағында жатыр. Солтүстіктен оңтүстікке қарай екі, батыстан шығысқа қарай бір шақырымға созылған жерде 31 оба бар. Олардың 21-і таспен көмкерілсе, 10-ы қиыршық тастармен жабылған. Қорғандар үлкен, орташа және кіші болып үш топқа бөлінеді. Үлкен қорғандардың диаметрі 45 метрден 105 метрге жетеді, биіктіктері – 6-17 метр аралығында.

1219 жылы Шыңғыс ханның әскері Жетісу жеріне екінші рет кіргені тарихтан белгілі. Еңбекшіқазақ ауданы аумағынан табылған Алтын Адам да көне тарих жәдігері.

Бізге белгілі көне тарихы сақ­тардан бастау алатын Жеті­су жерінде Ғұн, Үйсін, Қаңлы мемлекеттері салтанат құрғаны мәлім. Түрік, Түргеш қағанаттары мен Араб жаулап алушылары да Жетісу жерін мекен еткен ар­ғы бабаларымызбен санасқан. Қар­лұқ, Оғыз, Қараханидтер мем­лекеттерінің де негізгі бөлігі Же­тісу жерінде құрылғаны тағы бар.

Жетісу жерінде жоңғармен кү­ресте ерен ерлік көрсеткен Қара­сай, Қабанбай, Наурызбай, Райым­бек және т.б. батырлар мен ақын­дарға ескерткіштер орнатылған.

Жалпы, Алматы облысының аумағы – 224 мың шаршы шақырым. Халқының саны – 1562 мың адам. Тығыздығы – 1 шаршы шақырымға 7 адамнан келеді. 836 елді мекен бар. Ауылдық, кенттік және қалалық округтер саны – 274.

DSC 6262 2222222222

ДЕРЕК ПЕН ДӘЙЕК

● Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласында үстіміздегі жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 877 кәсіпорын 233,6 млрд. теңгенің дайын өнімін өндірді, бұл өткен жылдың сәйкес мерзімінен 12,1% артық.

● Ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 2013 жылы 2010 жылмен са­лыс­тырғанда 4,6 мың гектар жерге кеңейді. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыру шеңберінде дәндік жүгері егістігі 7,8 мың гектарға, майбұршақ – 35,2 мың гектарға, картоп және көкөніс, бақша дақылдары егістігі 7,8 мың гектар жерге жетті.

● Кәсіпкерлікті дамытуға 2011-2013 жылдары – 2157,2 млн. теңге, оның ішінде шағын несие беруге 2135,0 млн. теңге бөлінді.

● «АгроБизнес-2020» бағдарламасының екінші және үшінші бағыттары бойынша 16,6 млрд. теңге бюджеттік қаражат қарастырылып, 10 айда соның 12,6 млрд. теңгесі игерілді.

● «Алматы – Талдықорған» магис­тральды газ құбыры құрылысы басталды. Оның ұзындығы – 264,8 шақырым, жоба құны – 19,6 млрд. теңге. Іске асыру мерзімі – 2012-2015 жылдар. Аталған жоба облыстың шамамен 409 мың халық тұратын 104 елді мекенін, оның ішінде облыс орталығы Талдықорған қаласын газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 2013 жылдың 1 қазанына 93 шақырым газ құбыры салынды.

● Алматы қаласының айналасында азық-түлік белдеуін дамыту бағ­дар­ла­масы шеңберінде құны 51,5 млрд. теңге тұра­тын 66 инвестициялық жоба әзір­ленді.

● «Балапан» бағдарламасын іске асыру аясында 158 балабақша және 78 мектеп жанындағы шағын орталық ашылды.

● 2013 жылы жергілікті бюджет есебінен 11 мектеп салынды. 5 млрд. 304 млн. 218 мың теңгеге 53 білім беру нысанына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2013 жылғы 13-18 наурызда Талдықорған қаласында республикалық жаратылыстану-математика бағы­тын­дағы оқушылардың пәндік олимпиа­дасы өтіп, қорытындысы бойынша Алматы облысының оқушылары жалпы командалық есепте І орынды иеленді.

● 2013-2014 оқу жылында жалпы білім беретін мектептерде жұмыс істейтін мұғалімдердің саны – 34961, оның ішінде қалалық жерде – 6281, ауылдық жерде – 28680 бірлікті құрады.

● «Қарасай ауданы Қаскелен қала­сында «220 кВ ЭБЖ бар 220/110/10 кВ «Қас­келен» ҚС-н салу» жобасының құры­лысы басталды. Жобаның жалпы құны 4,8 млрд. теңге. Мақсаты – Қара­сай, Жамбыл және Іле аудандарын үздік­сіз электр қуатымен жабдықтау. Қа­зір құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде, жобаны аяқтау 2014 жылға жоспарлануда.

05 8 

05 9

05

05 11

 

МЕМЛЕКЕТ МАҚТАНЫШЫ – МОЙНАҚ

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мойнақ СЭС-іне арнайы келіп, өз қолымен екінші гидромашинаны іске қосып берген еді. Сол сәттен бастап екі гидромашина ауысыммен тоқтаусыз жұмыс істеп тұр.

Жалпы, бұл алып стансасының бір жылда беретін электр қуаты 1 млрд. 27 млн. киловатт сағатты құрайды. Ол алдағы уақытта Ал­маты облысының электр қуатына қа­жеттілігін толығымен өтеп қой­май, Алматы қаласына және рес­публикамыздың оңтүстік өңірінің электр қуатын беретін болады.

Мойнақ СЭС-і Алматы об­лы­сының Райымбек ауданы, Жылысай ауылдық округінде орналасқан. Құрылыс кезінде 700-ден астам адам жұмыспен қамтылса, бүгінгі таңда электр стансасында 113 адам жұмыс істейді. Оның 45-і аудан тұр­ғын­дары. Мамандардың басым бөлі­гінің жоғары білімі бар.

Мойнақ – ТМД мемле­кет­тері­нің ішінде деривация әдіс­те­месін қолданатын бірінші су электр стансасы. Бұл стансада тех­нологиялық үдерістер барынша жетілдірілген. Сондықтан, жаңа технологиялармен жұмыс істей алатын кәсіби мамандарды дайындау міндеті бірінші кезекте тұрады. Осы мақсатқа сәйкес мамандар біліктілігін арттыру үшін оларды көршілес мемлекеттерде тәлім алғызып, тәжірибеден өткізуді жоспарладық. Мәселен, 2014 жылы әр саладағы маман­дарымызды (инженер-элек­трик­терді, қорғаныс жөніндегі инженерлерді, су-турбина сала­сындағы мамандарды, т.б.) Ре­сейдегі алдыңғы қатардағы электр стансаларында кәсіби білі­мін ұштау үшін арнайы оқуға жібермекпіз.

Сондай-ақ, Мойнақ СЭС-і есе­бінен жас мамандардың білік­ті­лігін арттыру және заманауи стансалардың жұмысымен танысу үшін 2011 жылы 27 маман Қытай Халық Республикасының Ченду қаласындағы оқу семинарына қатысып, білімдерін толықтырып, біліктілігі мен жұмысқа ынтасын жоғарылатып қайтқан болатын.

Соның нәтижесінде, үс­ті­міздегі жылдың он ай мерзімінде электр стансасы 760,3 млн. кВт-сағаттан астам электр қуатын өндірді. 753,5 млн. кВт-сағ. электр қуаты сатылды. Тарифті қалыптастыру барысында жобаны жүзеге асыруға жұмсалған шығындар да есептеледі. Мә­селен, Мойнақ су-электр стансасын салу және іске қосу барысында Қытай Даму банкінен несие келісімі бойынша 200 млн. АҚШ доллары, «Қазақстан Даму Банкі» АҚ-пен несие шарттары бойынша 51 млн. АҚШ доллары және 12 285 млн. теңге тартылды. Аталмыш шығындарды есепке ала отырып, Қазақстан Республикасының Та­би­ғи монополияларды реттеу агенттігі Алматы облысы бойынша департаментінің №230-НҚ бұйрығымен 2011 жылы 7 қарашада Мойнақ СЭС-інің электр қуатын өткізу тарифі 1 кВт-сағатына 7,4 теңге деңгейінде бекітілді. Әйтпесе, мұндай өн­ді­рілетін қуаттың өзіндік құны төмен екендігі рас. Шығындарды өтеп болған соң станса еліміздегі ең арзан электр қуатын өндіретін кәсіпорындардың біріне айналатыны сөзсіз.

Мамандардың білімін то­лық­тыру үшін практикалық семи­нар­ларға қатысу кәсіпорын бюд­же­тінде жыл сайын жоспарланады.

Бақытбек ЖАҢАБАЕВ,

«Мойнақ су-электр

стансасы» акционерлік қоғамының бас директоры.

05 5

05 4

05 4

ТАРЛАНДАРДЫ ТАМСАНДЫРҒАН ТАБАҒАН

Табаған спорт кешені Алматы облысы, Талғар ауданы, Қотырбұлақ сайында орын тепкен. Ол теңіз деңгейінен 1530 метр биіктікте жатыр. Еліміздегі ең ірі мегаполис Алматы қаласынан небәрі 17 шақырым қашықтықта бой көтерген кешеннің ерекшелігі сол, әлемдік стандартқа сай кең ауқымды қызмет көрсетуімен қатар, көркем табиғатымен көрген жанның көзін тойдырады. Сондықтан да, мұнда ретіне орай әлемдік деңгейдегі ірі шаралар өткізіледі. Соның нақты дәлелі ретінде 2007 жылғы Еуразия медиа-форумын айтуға болады. Әрине, бұл спорт кешенінің негізгі бағыты спорттың сан түрі бойынша додалар өткізуге бағытталған. Табаған спорт кешенінде 200 адамға арналған 93 нөмірлі қонақ үй мен коттедждер салынған. Еуропалық және ұлттық асханалары бар мейрамханалар мен жаздық алаңдар, сыйымдылығы 600 текше метр мөлдір сулы жабық бассейн, сауна және жаттығу залдары үзіліссіз жұмыс істейді. Жылына 5 ай тау шаңғысынан түрлі қашықтықтар бойынша облыстық, республикалық, тіпті халықаралық жарыстар өткізіліп жататыны өз алдына. Тік құламалары мен шұғыл бұрылыстары көп қалың қарлы белестердің табиғи қалпын сақтай отырып, олимпиядалық талаптарға сай жасалған шаңғы жолының биіктігі теңіз деңгейінен 1693 метр биіктікте жатыр. Бұл Табиғат-ананың адамзатқа тартқан бір сыйы. Сондықтан да, алыс-жақын шетелдерден Талғардың Табаған спорт кешеніне келуге үміткерлер баршылық. Өйткені, қандай да бір себеппен жолы түсіп келіп, көріп табиғатына тамсанған талай тарландардың Табағанға тағы бір рет табан тіреуге аңсары ауып тұратыны хақ. Кезінде жеке инвестициядан жеткілікті қаражат бөлініп, әлемдік стандартқа сай жасалған Табаған спорт кешені арнайы күтімге алынып, халық қажеттілігін өтеуде.

Бақытжан БЕРКІНБАЕВ,

Табаған спорт кешенінің

бас директоры.

Талғар ауданы.

 

ЖІБЕК ЖОЛЫН ЖАҢҒЫРТҚАН

ХVІ ғасырға дейін Шығыс пен Ба­тыс­ты сауда-саттықпен жалғаған Жібек жолын жаңғырту жұмысы Жетісу жерінде жүйелі жүргізілуде. Уақыт талабына орай индустрияландыру картасына сәйкес салынған Жетіген – Қорғас шойын жолы соның нақты дәлелі болады.

Қазақстан Республикасы жеріндегі ұзындығы 69 шақырымға созылған Жетіген – Қорғас шойын жолының Құн­дыз­ды және Алтынкөл атты екі стансасы жазиралы Жаркент жерінде салынды. Күн сайын 4-5 жүк пойызы Қытайдан Қазақ­станға келсе, бір жүк пойызы біздің еліміз­ден шығыстағы көршімізге өтеді. Тиімділігі, тұрғындар көмірдің бір тоннасын 3 мың теңгеден сатып алып, осы теміржол арқылы шекарадан өткізіп, жоға­ры­да аталған стансаларға жеткізіп, одан әрі автокөліктерімен әкетеді. Бола­шақ­та ауыл шаруашылығы өнімдерін өсіруге қажетті тыңыйтқыштар тасымал­дап, өзге облыстарды қамтамасыз ету жос­парлануда.

Біле білсек, бұл мемлекеттік саясатқа сай халыққа жасалып жатқан жағдайдың бір парасы емес пе?! Елбасының бастамасы бойынша салынған Нұркент қалашығы Қытай Халық Республикасының шекарасынан 20 шақырым жерде бой көтерді. Елдің әлеуметтік жағдайы өте жақсы, көпқабатты тұрғын үйлердегі жәйлі пәтер­лердің коммуналдық төлемдерін «Қазақстан темір жолы» акционерлік қоғамы төлеуде. Қарағанды, Қызылорда облыстары мен Алакөл ауданындағы Достық кентінен осында келушілер баршылық. Қалашықта жаңадан монша салынды, тұрмыс қажетін өтеу комбинаты жұмыс істеп тұр. 500 орындық орта мектеп, 150 орындық балабақша ашылды. «Қазақстан темір жолы» акционерлік қоғамы қызметкерлеріне Нұркент қала­сы­нан пәтер берумен шектелмей, сол үйге керекті жиһаз, тіпті, ыдыс-аяққа дейін алып берді. Мұнда халық 3 қабатты үйлер­мен бірге екі отбасына арналған коттедж­дерде тұрады.

Нұрбол ОМАРБЕКҰЛЫ.

Панфилов ауданы.

 

БАҒА БІЛСЕҢ, МАЛ ӨСЕДІ

Қазақта «Мал – баққанға бітеді» деген аталы сөз бар. Күні-түні тынбай сол малдың соңында жүріп қазақы даналықа бас идім. Нәтижесінде, Жамбыл ауданы, Үлгілі ауылдық округіне қарасты Ұзын-Жартас деген жер құтты қонысыма айналды. Құтты қоныс дейтінім, бүгінде 1800 бас қой, оның ішінде 1100 бас саулық өсіріп, төлдетіп, ағымдағы жылы сол қойдан 5 тонна 881 кило биязы жүн қырқып, мемлекетке өткіздім. Әлбетте, бұл тұрғыда мемлекеттен 764 мың теңге субсидия алғанымды баса айтамын. Өйткені, сол қаражаттың көмегімен бағымымдағы малым өзім күткен деңгейде биязы жүн берді. Алматыдағы қой шаруашылығы институтының ғалымдарымен бірлесе істеген жұмысымның тағы бір жетістігі осы жылдың аяғына дейін асыл тұқымды қой шаруашылығы деген статус алатын болдым. Әрине, мал асылдандыру жұмысының шаруаға тиімді жақтары да бар. Мәселен, маған әр саулықты асылдандыруға мемлекет тарапынан 1500 теңгеден субсидия беріледі. Біле білсек, бұл асыл тұқымды мал басын көбейту мақсатында мемлекеттің жасап отырған жеңілдігі һәм қамқорлығы.

Заман ағымына сай тек ұсақ мал өсірумен шектелмей, ірі қараны да көбейтуді дұрыс жолға қоя білдік. «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Әулиекөл» атты асыл тұқымды екі бұқаны сатып алуына мемлекеттен алған субсидияның көп көмегі тиді. Бағымымдағы 100-ге жуық мүйізді ірі қараның 60 басы аналық сауын сиырлар. Биыл Үкімет тарапынан мал басын асылдандыруға 840 мың теңге, ал мал азығын арзандатуға 270 мың теңге бөлініп, бұл қаржыны еліміздің экспортқа ет шығаруына өзіндік үлесімді қосу үшін қажетіме жараттым. 90 бас жылқы, оның ішінде 50 бас бие де бағып, құлындатып өсірудеміз. Осы малды бағып жүрген адамдарға уақтылы жағдай жасауды да әсте естен шығармай, 4 пәтерлі 2 тұрғын үй және монша салып бердік.

Қорыта айтқанда, ерінбей адал еңбек ете жүріп, сол еңбектің өтеуі болып келген бақты дер кезінде ұстай білдік. Нәтижесі жаман емес.

Серік НҰРЫНБАЕВ,

«Мұрынбай» шаруа қожалығының төрағасы.

Жамбыл ауданы.

05 12

05 13

05 14

05 15

Айқарма беттің материалдарын дайындаған «Егемен Қазақстанның»

Алматы облысындағы меншікті тілшісі Нұрбол ӘЛДІБАЕВ.

Соңғы жаңалықтар