Руханият • 10 Қараша, 2020

Алматыда волонтерлер аллеясы ашылды

246 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жасыл желекке оранған жазира қаланың әр бұрышында сан түрлі сала мамандарының қолтаңбасы бар. Жастық жалыны мен жігерін қоғам өмірін жақсартуға арнап жүрген еріктілер еккен көшеттер де бір кездері саялы бауға айналатыны анық.

Алматыда волонтерлер аллеясы ашылды

Алматы қалалық Jas Otan Жас­тар қанатының және қалалық Қо­ғамдық даму басқармасының қол­дауымен «Волонтерлер аллеясы» Жетісу ауданының «Гүлдер» саяба­ғынан орын тепті. Игі шара­ға жиыр­мадан астам волонтер ұйы­мы­ның жетек­шісі мен белсенді мү­шеле­рі қатысып, шырша ағашы­ның көшет­терін отырғызды.

– Елімізде ашылып жатқан алғаш­қы «Волонтерлер аллеясы­ның» символдық мәні ерекше. Бі­рін­шіден, қала экологиясына және көгалдануына үлес қосу. Екін­шіден, коронавирус пандемия­сы кезінде қала тұрғындарына кө­мек көрсетіп, еңбек еткен волонтер­лер ұйымдарын қала тұр­­ғын­дарына таныту, дәріптеу. Ша­­­раны өткізудегі басты мақсат – «Волонтер жылының» аясында қала­мыздағы барлық белсенді ерік­­тілер ұйымының басын бі­рік­­­тіру. Қала әкімінің «Jasyl Almaty» жобасын жүзеге асырып, эко­ло­гия­­мыздың жақсаруына үлес қосу. Аллея жылдан-жылға жаңа ағаш­тармен толығып, волонтерлер ұйы­мының саны арта береді деген ой­дамын, – дейді Алматы қалалық Jas Otan Жастар қанатының төрағасы Мәди Ахметов.

Әсем алаңқайдың ашылу сал­­танатына мегаполистің бел­сенді тұрғындары мен  Жетісу ауда­нының ақсақалдары, сондай-ақ мәслихат депутаттары қатысты.

 

АЛМАТЫ