Білім • 10 Қараша, 2020

Сәтбаев университеті Schlumberger компаниясымен ғылыми ынтымақтастықта

493 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қараша айының басында Алматы қаласында Сәтбаев университеті мен Қазақстан Республикасындағы Schlumberger компаниясы басшылығының кездесуі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

Сәтбаев университеті Schlumberger компаниясымен ғылыми ынтымақтастықта

Кездесу барысында Сәтбаев университетінің ректоры Искандер Бейсембетов пен Schlumberger компаниясының Қазақстан Республикасындағы аймақтық директоры Роб Фокс жетекші техникалық компаниялар арасындағы ынтымақтастықтың, әсіресе, Қазақстан Республикасындағы техникалық университет пен мұнай өндіру саласындағы жетекші халықаралық компания арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынастың маңыздылығын атап өтіп, мұнай-газ және тау-кен компаниялары үшін ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар (ҒЗТКЖ) саласындағы ынтымақтастықты кеңейту ниеті туралы келісімге қол қойды.

Қазіргі уақытта Сәтбаев Университеті мен Қазақстан Республикасындағы Schlumberger компаниясы Қарағанды көмір бассейнінде метан барлау және өндіру саласындағы ғылыми жобаларды бірлесіп жүзеге асыруда табысты түрде ынтымақтастық қарым-қатынас жасап келеді. Осы жоба аясында компания университетке мамандандырылған Petrel*, ECLIPSE*, Techlog* бағдарламалық әзірлемелерді пайдалану құқығын берді: бұл геология және кен орындарын игеру саласындағы мамандар үшін мұнай-газ кен орындарын жобалау және оңтайландыру процесін жеңілдетеді.

Екі жетекші компанияның өзара ынтымақтастығы мұнай-газ геологиясы мен геофизикасы саласындағы инновациялық идеяларды іске асыруға және ҒЗТКЖ-ны жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.