Мәжілісте «Нұр Отан» партиясы фракциясының жиыны өтіп, Парламенттегі ең ірі фракция қызметінің ауқымды мәселелері талқыланды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.
Мәжілісте «Нұр Отан» партиясы фракциясының жиыны өтіп, Парламенттегі ең ірі фракция қызметінің ауқымды мәселелері талқыланды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.
Жиын барысында палата Төрағасы, фракция жетекшісі Нұрлан Нығматулиннің атап өткеніндей, 28 қараша мен 7 желтоқсан аралығында мәжілісмендер жұмысы еліміз өңірлерінде өз жалғасын табады.
Халық қалаулылары еңбек ұжымдарымен кездесіп, әлеуметтік нысандарды аралайды, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды.
Кездесу барысында депутаттар, сондай-ақ, заң шығармашылық қызметі туралы, Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясын орындау жолында Мәжіліс мақұлдаған басты заң жобалары туралы, сонымен қатар, «Нұр Отан» партиясының Сайлауалды тұғырнамасының орындалуы жайында әңгіме өрбітпек.
Мәжіліс депутаттары аймақтың өзекті мәселелерін бақылауға алып, тұрғындар сауалдарына жауап береді және мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысымен танысады.
Мәжілісмендердің кезекті сапарында тек облыс, аудан орталықтары ғана емес, шалғайдағы ауылдар мен елді мекендер де кеңінен қамтылмақ.