Қазақстан • 10 Қараша, 2020

Қаржыны игере алмаған министрліктер мен өңірлер аталды

273 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев бөлінген қаражатты игере алмай жатқан министрліктер мен өңірлерді атады, - деп хабарлайды Egemen.kz

Қаржыны игере алмаған министрліктер мен өңірлер аталды

"Мемлекеттік бюджеттің шығыстары 98,8%-ға, республикалық бюджеттің шығыстары - 99,7%-ға, жергілікті бюджеттердің шығыстары – 98%-ға атқарылды. Республикалық бюджеттің шығыстары 11 трлн 284 млрд теңгені құрады. 32 млрд теңге бойынша жұмыс атқарылмаған. Оның ішінде үнемдеу – 8 млрд теңге болса, игерілмегені – 24 млрд теңге",  деді Ерұлан Жамаубаев Үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша ірі сомадағы қаражатты игере алмау ірі сомасы мынадай орталық мемлекеттік органдарда қалыптасқан: Қаржы министрлігі – 2 млрд теңге, Ауыл шаруашылығы министрлігі – 1,9 млрд теңге, Әділет министрлігі – 1,6 млрд теңге, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі – 1,2 млрд теңге, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі – 1,1 млрд теңге.

Сондай-ақ министр өңірлерде де тағы 24 млрд теңге игерілмей жатқанын мәлім етті. Қаражатты игермеудің ең жоғары көрсеткіші мына өңірлерде қалыптасқан: Ақтөбе облысында – 3,2 млрд теңге, Алматы қаласында – 3 млрд теңге, Солтүстік Қазақстан – 2,5 млрд теңге, Батыс Қазақстан – 2,3 млрд теңге, Түркістан облыстарында – 1,9 млрд теңге.