23 Қараша, 2013

Алдымызда жаңа міндеттер тұр

280 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

01-Алихан ТойбаевПарламент палаталарының бірлескен отырысында бесінші шақырылымның үшінші сессиясын ашқан Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев депутаттық корпустың алдында тұрған заң шығару қызметінің негізгі бағыттарын айқындап берді. Атап айтқанда, Елбасы бес бағытқа баса көңіл аудару қажеттігін мәлімдеді. Соның ішінде заң шығару үдерісінің басымдығы тұрақты экономикалық өсімді құқықтық қамтамасыз ету болып қала беретінін және осы салаға қатысты заңдарға толықтырулар енгізілетінін жеткізді. Сондай-ақ, жер қойнауын пайдалану туралы заң қабылдау қажеттігін, азаматтарды әлеуметтік қамтамасыз ету, әуелі зейнетақы жүйесін реформалау жұмыстарын жандандыру маңызды мәселелер екенін атап көрсетті.

01-Алихан Тойбаев

Парламент палаталарының бірлескен отырысында бесінші шақырылымның үшінші сессиясын ашқан Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев депутаттық корпустың алдында тұрған заң шығару қызметінің негізгі бағыттарын айқындап берді. Атап айтқанда, Елбасы бес бағытқа баса көңіл аудару қажеттігін мәлімдеді. Соның ішінде заң шығару үдерісінің басымдығы тұрақты экономикалық өсімді құқықтық қамтамасыз ету болып қала беретінін және осы салаға қатысты заңдарға толықтырулар енгізілетінін жеткізді. Сондай-ақ, жер қойнауын пайдалану туралы заң қабылдау қажеттігін, азаматтарды әлеуметтік қамтамасыз ету, әуелі зейнетақы жүйесін реформалау жұмыстарын жандандыру маңызды мәселелер екенін атап көрсетті.

Бүгінгі таңда құқық қорғау саласын заңмен реттеудің де маңызы зор. Осы орайда, Мемлекет басшысы құқық қорғау заңнамасына реформа жасап, жаңғырту қа­жет­тігін алға тартты. Соған байла­нысты осы сессия барысында Қылмыстық, Қылмыстық-іс жүргізу, Қылмыстық-атқару ко­декстерінің жаңа жобалары тал­қы­ланып, қабылданатын болады. Әкімшілік құқық бұзушылық ту­ралы кодекске де түзетулер енгізілмек.

Әлемдік қоғамдастыққа мү­ше еліміз көптеген елдермен ке­лісімдер жасасты. Сондай мем­лекетаралық келісімдерді заң жү­зінде бекіту Парламенттің міндеті болып табылатыны белгілі.

Мемлекет басшысы Үкімет­ке Кәсіпкерлік кодексі жобасын­ әзірлеуді тапсырғанын жет­кіз­ді. Ол «қазақстандық биз­нес конституциясы» бола­тынын атап өтті. Жаңа кодекс­те қа­зақ­стандық кәсіпкерлер қыз­ме­тінің және олардың мемлекетпен әрекеттестігінің негізгі қағи­даттары айқындалатын болады.

Президент «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» заң жобасын қабылдаудың маңыздылығына тоқталды. Онда бизнес-құры­лым­дарға қатысты кез келген бюрократтық озбырлықтан қор­ғаудың айқын кепілдіктері көрініс таппақ. Елбасы тапсырмасы бойынша Үкімет бұл жобаны Мәжіліске осы жылдың соңына дейін енгізетін болады.

Сонымен қатар, соңғы жылдары ел тұрғындары еңбек дау­ларына қатысты мәселені жиі көтереді. Демократиялық қо­ғамда жұмысшы мен қыз­мет­кердің құқығы қорғалуы тиіс. Осы орайда, жаңа «Кәсіп­тік одақтар туралы» заң қабыл­да­на­тын болады.

Палатаның жаңа сессиядағы алғашқы жалпы отырысында Мәжіліс Төрағасы Н.Нығматулин Елбасының парламентшілерге берген тапсырмаларын орындауда негізгі заң жобалары ба­сымдықпен қаралатынын айт­ты. Соның ішінде палата же­текшісі әріптестерін бюджетте бөлінген қаржылардың тиімділігі мен нақты нәтижесіне көңіл аударуға шақырды. Мемлекет қаржысы жұмсалатын істің барлығында нақты нәтиже керек екенін, Парламентте бюджет жоспары туралы жобаны қарауда бұдан басқаша болуы мүмкін еместігін атап өтті.

Мәселен, бұрын біз респуб­ликалық бюджет жоспары жобасының әлеуметтік-эко­но­микалық салаларға дұрыс бө­лінуіне мән беретін едік, енді нәтижелі орындалуына да айрық­ша көңіл бөлетін кез жетті деп ойлаймын.

Жуырда Үкіметтен келіп түс­кен «2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2014-2016 жыл­дарға арналған кепілдік берілген трансферт туралы» және «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық ма­ңызы бар қала, астана бюджеттері арасындағы 2014-2016 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» заң жобалары қаралды.

Бюджет шығыстарында ауыл шаруашылығына қатысты баптар бар. Мен өзім «Өсімдік шаруашылығын дамыту және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету» және «Фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету»­ деп аталатын №214-215 бюд­жеттік бағдарламаларды жан-жақты зерделедім. Оның ішінде «Өсімдіктерді қорғау және өсімдіктер карантині» және басқа кіші бағдарламалар болды.

Сондай-ақ, ауыл шаруашы­лығын дамытуға бөлінетін субсидия мәселесіне назар аудардық. Осы салада істеп жүргендердің бәріне бірдей субсидия жетпейді. Қой, тауық етін өндіруге арнайы қаржы қарастырылғанын қалайтынымызды білдірдік. Сонымен бірге, жеміс-көкөніс саласына да бөлінетін субсидия көлеміне де назар аударылды.

Басты мәселенің бірі субсидия қарастырылғанмен, оны бөлу және оның өндірушіге жетуі көп уақытты алады. Мысалы, осыдан екі жылдай бұрын субсидияны беруді жылдың аяғына дейін созып жүрді. Бұл жағдай соңғы жылдары реттеліп келеді. Мұны Ауыл шаруашылығы министрлігінің атқарған оң істерінің бірі деп білемін.

Елбасы парламентшілерге арнаған сөзінде: «Басты бай-лығымыз – ел бірлігін сақтай отырып, биік мақсаттарға ұмтылу. Сол мақсаттарға бастайтын заңнамалық алғышарттарды жасайтын – сіздер», деп бізге үлкен сенім жүктеді. Бүгінде алдымызда жаңа міндеттер тұр. Оны абыроймен орындау біздің парызымыз.

Әлихан ТОЙБАЕВ,

Мәжіліс депутаты, «Нұр Отан» партиясы

фракциясының мүшесі.

Соңғы жаңалықтар