Оқиға • 10 Қараша, 2020

Tengri Bank-тің бұрынғы қызметкерлері ұсталды

179 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі Tengri Bank-тің бұрынғы менеджерлері ұсталғанын растады, деп хабарлайды Egemen.kz

Tengri Bank-тің бұрынғы қызметкерлері ұсталды

Қаржы министрлігінің мәліметінше, Tengri Bank басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Бақтияр Ілиясов пен Алматы филиалы директорының бұрынғы орынбасары Әсет Жадықов ұсталды.

Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы Жанат Элиманов Tengri Bank-тің лицензиясынан айырылуына қатысты пікір білдірді.

"Экономикалық тергеулер қызметі өндірісінде Tengri Bank басшылығына қатысты іс жоқ. Бұл істі басқа органдар тергеп жатыр. Сондықтан ешқандай пікір білдіре алмаймын. Бұл салада ол басқа органдардың құзіретіне кіреді. Іс бас прокуратураның, арнаулы прокурорлардың өндірісінде. Қазіргі уақытта бұл істің қайда жатқаны маған белгісіз", деді ол.

Ведомство қосымша ақпараттың кейінірек берілетінін айтты.