23 Қараша, 2013

«Туған тілім – сарқылмайтын қазынам!»

463 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Осындай тақырыппен Өскеменде мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, тіл мәртебесін, рухын асқақтату, халық арасындағы талапты да талантты жастарды іздеп табу, олардың шығармашылық бастамасына қолдау көрсету мақсатында Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту басқармасының қолдауымен жазба ақындардың мүшәйрасы болып өтті.

Мүшәйраға 30-дан астам үміткер қатысты. Бірінші кезеңде қазылар алқасының іріктеуінен өткен 12 ақын Достық үйінде өздерінің тіл тура­лы өлеңдерін оқыды. Мүшәйрада бірін­ші орынды жеңіп алған Бақжан Елсін­бек­қызының «Тілтұмар» деген өлеңі жинал­ғандарға көп ой салды. Тәуелсіздік алған 22 жылда тіл проблемасы шешілудің орнына құлдырып бара жатқандай ма қалай?

«Құндыз бөрік бойжеткенбіз,

құрбым-ау,

Күн қатпарлы ақ шымылдық

тұр мынау.

Анам тақты ақ желекке

Тілтұмар,

Тіліне ешкім салмасын

қылбұрау».

Сонымен, 12 ақынның өлең­деріне қазылар алқасы төрелігін шығарды. Қазылар алқасының төрағасы ақын, бірнеше жыр жинақтарының авторы Серік Ғабдуллаұлы өлеңдердің мазмұны мен көркемдігі, ой жүйелігі мен тереңдігі, тақырыпты қамту, сөз қолданысы, ұйқасы мен өзектілігіне мән бергендерін айтты. Бас жүлдені Семей мемлекеттік педагогикалық университеті тіл әдебиеті факультетінің студенті Бауыржан Игілік жеңіп алды. Бақжан Елсінбекқызы бірінші, Қастербек Сайлауғазыұлы екінші, ал Қызырбек Дүргінбайұлы үшінші орындарды иеленді. Мүшәйраны жүргізген Зәуреш Төлеуханқызы жергілікті көр­кемөнерпаздардың өнерін көпшілік талқысына ұсынып, арасында тіл туралы өлеңдерді оқып, көпшілікті ұйытып тастады. «Туған тілім – сарқылмас қазынам» деген жыр мүшәйрасының тағылымды жақтары мол болды.

Оңдасын ЕЛУБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

ӨСКЕМЕН.

Соңғы жаңалықтар