Аймақтар • 10 Қараша, 2020

Шымкентте Nur otan партиясының кезектен тыс конференциясы өтті

384 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Конференцияда Nur Otan партиясының 2021-2025 жылдарға арналған 5 жылдық сайлауалды бағдарламасы ұсынылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Шымкентте Nur otan партиясының кезектен тыс конференциясы өтті

Бағдарламада Партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың ел экономикасын дамыту және пандемия салдарын жеңілдету арқылы қазақстандықтардың әл-ауқатын, тұрмыс-тіршілігін жақсартуға бағытталған тапсырмалары мен қаланың даму бағдарламасы негізінде жүзеге асырылуда.

Сонымен қатар, праймеризде тұрғындардан келіп түскен 685 ұсыныстардың 98 пайызы орындалып,  ал  15 ұсыныс  сайлауалды бағдарламаға қосымша енгізіліп отыр.

"Сайлауалды бағдарламада тұрғындардың сапалы өмір сүруі үшін негізгі мәселелерді түйіндеп, қаланың  экономикалық-әлеуметтік дамуына аса қажет 10 басымдықты анықтадық. Осы сайлауалды бағдарламаны орындап, іске асырылуына баршамыз бір кісідей атсалысуымыз қажет.  Nur Otan партиясы қашан да берген уәделерін нақты орындап келген. Қаланың дамуына бағытталған  бұл бағдарлама Сіздердің қолдауларыңызбен толық жүзеге асады деп кәміл сенемін!", деді Nur Otan партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасы Мұрат Әйтенов.

Конференция барысында  сайлауалды бағдарлама делегаттар тарапынан қолдау тауып, бірауыздан мақұлданды.

Айта кетейік, қазір Шымкент қаласында 30 мыңнан астам партия мүшесі бар. Олар 46 бастауыш партия ұйымдарына біріктірілген.

Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20