Қоғам • 10 Қараша, 2020

"Үркер-2020" Ұлттық сыйлығының номинанттары жарияланды

489 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

"Үркер-2020" сыйлығын марапаттау рәсімі қарсаңында қазылар алқасы баспа, радио және интернет-журналистика саласындағы номинанттар есімін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz

"Үркер-2020" Ұлттық сыйлығының номинанттары жарияланды

Биылғы жылы байқаудың 11 номинациясы бойынша қатысушылардан 470 өтінім келіп түсті. Өтінімдер 2020 жылдың 2 қазаны мен 5 қарашасы аралығында қабылданды.

Шорт-парақ тізімі:

  1. Жылдың үздік фотосуреті:

Алтынбек Қартабай, "Арай" газеті

Ернар Алмабек, Massaget.kz

Руслан Мазунин, тәуелсіз фотограф

Сәкен Ділдахмет, тәуелсіз экологиялық шолушы

  1. Жылдың үздік репортажы:

Айгерим Таубай, "Sputnik Қазақстан" АА

Айнаш Есалиева, "Egemen Qazaqstan" газеті

Нұрсұлтан Мықтыбаев, Kyzylorda-news.kz порталы

Данияр Адилбеков, Informburo.kz порталы

  1. Жылдың үздік аналитикалық материалы:

Кайрат Жандыбаев, Strategy2050.kz порталы

Нұрлан Оразғалиев, "Айқын" газеті

Есімжан Нақтыбайұлы, Inbusiness.kz порталы

Гүлім Еркінбек, BariBar.kz порталы

  1. Жылдың үздік журналистік зерттеуі:

Дархан Нурумбетова, BaigeNews.kz порталы

Елена Брицкая, Юрий Масанов, Informburo.kz порталы

Михаил Козачков, "Время" газеті

Дина Имамбаева, "Ақиқат" журналы

  1. Жылдың үздік сұхбаты:

Зарина Ахматова, HOLA News порталы

Еркебұлан Нұрекеш, "Айқын" газеті

Гульбаршын Сабаева, "Егемен Қазақстан" газеті

Айгерим Фазыл, Tengrinews порталы

  1. Жылдың үздік танымдық материалы:

Азамат Әбілұлы, "Egemen Qazaqstan" газеті

Тимур Ниталиев, Sputnik Казахстан АА

Еңлік Сақтан, BariBar.kz порталы

Динара Насыр, Жайық пресс порталы

  1. Радиостанциядағы үздік жоба:

"Эфирде 102 FM" бағдарламасы, "Atyray" радиостанциясы

"Бизнес Start" бағдарламасы, "Жаңа FM" радиостанциясы

"Сәтті күн" бағдарламасы, "Жаңа FM" радиостанциясы

"Өмірдің өзі" бағдарламасы, "Halyk radiosy"  радиостанциясы

  1. Жылдың үздік жаңалықтар порталы:

BAQ.kz порталы

LS Aqparat порталы

TengriNews порталы

BaigeNews.kz порталы

  1. Жылдың үздік газеті:

"Курсив" бизнес апталығы

"AQ JOL" Жамбыл облыстық газеті

"Túrkistan" халықаралық газеті

"Жас алаш" газеті

  1. Жылдың үздік журналы:

"Ақылдым" журналы

"Мұқағали" журналы

"Akyl-kenes" журналы

"Жұлдыз" журналы

  1. Шерхан Мұртаза атындағы Номинация:

Қайнар Олжай

Сәрсенбай Қали

Еркін Қыдыр

Думан Бықай

Ұлттық бәйге жеңімпаздары 13 қараша күні белгілі болады.  Лауреаттарды марапаттау рәсімі "Қазмедиа орталығында" өтеді, ал көрермендер назарына Сыйлықтың urker-awards.kz сайтында тікелей эфир ұйымдастырылатын болады.

Конкурс қорытындысы бойынша әр номинацияның үздігіне жеңімпаз атағымен қатар "Үркер" естелік мүсіншесі және бір миллион теңге ақшалай сыйлық табыс етіледі.

Ұлттық бәйге ұйымдастырушысы: Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және "Медиа дамыту қоры" корпоративтік қоры.