23 Қараша, 2013

Күн тәртібі қаралды

233 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен Мәжіліс бюросында жалпы отырыста қаралатын мәселелер нақтыланды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.

 

Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен Мәжіліс бюросында жалпы отырыста қаралатын мәселелер нақтыланды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.

Палата салалық комитеттерге екі ратификацияланатын заң жобалары бойынша қорытынды әзірлеу мезгілін анықтауды ұсынды. Олар: Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер күштерінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс жөніндегі кезекшілерінің әуе кемесін басып алу (ұшырып әкету) туралы ақпаратты алған кездегі іс-қимылдарын ұйымдастыру туралы және Қазақстан мен Еуропа Қайта құру және даму банкі арасындағы ынтымақтастыққа қатысты келісімдер.

Күн тәртібінің жобасына жалпы отырыста талқылауға: 2005 жылғы 26 қазандағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы Төтенше жағдайларды жоюда көмек көрсету кезінде өзара іс-қимыл жасау туралы келісімге хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы шығарылды. Ал, екінші оқылымға талқылауға сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі мәселелері, сонымен бірге, агроөндірістік кешен туралы түзетулер ұсынылды.

Күн тәртібіне қайта құры­лым­дауды жүзеге асырған екінші деңгейдегі банктерді одан әрі дамыту мәселесі бойынша өзгерістер енгізу туралы түзетулермен жұмысты жалғастыру қосылды.

Соңғы жаңалықтар