Қоғам • 10 Қараша, 2020

Алматы облысының полицейлеріне “Халық алғысы” медалі табысталды

111 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысында 16 полиция қызметкері “Халық алғысы” медалімен марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz  Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы облысының полицейлеріне “Халық алғысы” медалі табысталды

Жаһанды жайлаған коронавирус індетіне қатысты пандемия кезінде тәртіп сақшылары блок бекеттерде тәулік бойы өз отбасыларынан жырақта қызмет атқарды, өздеріне бекітілген аумақта карантин талаптарының қатаң сақталуына тексеруді тұрақты жүзеге асырды. Сонымен қатар қылмыстарды ашып, құқық бұзушылар мен қылмыскерлерді ұстады.

Марапатқа ие болғандар қатарында Алматы облысының ПД учаскелік полиция инспекторлары, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторлары, патрульдік полиция батальоны мен ротасының инспекторлары, уақытша ұстау изоляторларының қызметкерлері, қоғамдық тәртіпті және жол қауіпсіздігін қорғауды қамтамасыз ету тобының инспекторлары бар.