Оқиға • 10 Қараша, 2020

Семейде ұрылар ұсталды

514 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Семей қаласының Полиция бөліміне шаруа қожалығының басшысы еркін жайылымнан 15 бас жылқының жоғалғанын айтып арызданған. Мал иесі келтірілген залалды 3 миллион теңгеден астам деп бағалаған, деп хабарлайды Egemen.kz

Семейде ұрылар ұсталды

Аталған факті бойынша тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шараларына кірісіп, учаскелік инспекторлармен бірге жақын маңдағы барлық аумақтарды аралап, куәгерлерден жауап алды. Мал тасымалдайтын автокөліктерді және ет, мал сататын орындарды мұқият тексерді.

"Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері қысқа мерзімде мал ұрлығына қатысты күдіктіні ұстады. Ол 47 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Күдікті кінәсін толығымен мойындады. Тергеу барысында өткен жылдың аяғынан бастап қазіргі уақытқа дейін осы шаруа қожалығының аумағынан 32 бас жылқы ұрлағаны анықталды. Күдікті қазір уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", деді облыстық Полиция департаментінің бастығы Сағат Мәдиев.

Сонымен қатар, ұрланған жылқыларды сатып алған азамат та анықталды. Ол  12 бас жылқыны сатып алып, 11 басын қайта сатып жіберген. Мойындау айғақтары алынған заттай дәлелдемелермен расталды.