Аймақтар • 10 Қараша, 2020

Жүргізуші оқиға орнынан жасырынған

204 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Семей қаласында Тәңірбергенов - Народная көшелерінің айналма жол айрығында "ВАЗ-21114" автокөлігінің 29 жастағы жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, темір қоршауға соғылған, деп хабарлайды Egemen.kz

Жүргізуші оқиға орнынан жасырынған

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 41 жастағы жолаушы алған дене жарақатынан қайтыс болды. Ал жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен.

"Жол апатынан кейін жасырынған жүргізуші "Бобровка" саяжай маңайында ұстады", деді облыстық Полиция департаментінің бастығы Сағат Мәдиев.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бірқатар сот сараптамалары тағайындалды.