Саясат • 11 Қараша, 2020

Дәрі-дәрмек қоры ортаймайды

259 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Коронавирус індеті елімізде алғаш күшейе бастағанда дәрі-дәрмек тапшылығы қатты сезілді. Ал қазір індеттің ықтимал екінші толқынының қаупі төніп тұрған шақта осындай қателіктерге қайтадан ұрынбас үшін өңірлерде тұрақтандыру қорлары ұйымдастырылды. Соның аясында сұранысқа ие дәрілік препараттарды сатып алу үшін көтерме дистрибьюторларға қайтарымды негізде қаражат бөлінді.

Дәрі-дәрмек қоры ортаймайды

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұр­лыбек Асылбеков дәрі-дәрмек­пен қамтамасыз ету шаралары жөнінде кеңінен мәлімдеді. Оның айтуынша, аталған мақсатқа өңір­лерге 17,9 млрд теңге бөлінді.

«Қазіргі кезде дәріханаларда халықтың дәрілік заттарға қажетті­лігін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттар жеткілікті. Мониторингтік топтар 1 640-тан аса дәріхананы тексеріп, шекті бағадан асырылып, сатылған дәрілік заттардың 199 атауын анықтаған. Аталған кезең­де 174 млн теңге сомасында шекті бағаның артуының 876 фактісі, 39,4 млн теңге сомасында дәрілік заттарды заңсыз өткізудің 347 фактісі анықталды. Сондай-ақ 1 223 әкімшілік хаттама толтырылып, 213 млн-нан аса айыппұл салынды. Заңсыз айналымнан 10 млн-нан аса дәрлік зат алынды, деді Н.Асылбеков.

Сонымен қатар ведомствоара­лық комиссияның тапсырмасымен індеттің жаңа толқынына дайын­дық мақсатында бірыңғай дист­рибьютор бірқатар шаралар қабыл­дады. Бұл туралы «СК – Фар­м­ация» ЖШС басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев жан-жақты мәлімет берді.

«Біріншіден, барлық медици­на­лық ұйымдарда айлық қорды қалыптастыру қолға алынды. Бүгінде бірыңғай дистрибьютор 20 млрд теңгеден аса сомаға 91 дәрілік зат көлемін жеткізді. Ол тез қалпына келтіріліп отырады. Екіншіден, пневмония мен КВИ бар науқастарды антибиотиктермен және дене қызуын түсіретін дәрі-дәрмекпен тегін амбулаторлық қамтамасыз ету ұйымдастырылды. Шамамен 2 млрд теңге сомасына 1 млн-ға жуық адамды қамту жос­парланған. Үшін­шіден, «қауіпсіздік жасты­ғы» деп аталатын екі айлық дәрі-дәр­мектер қоры құрылды. Стацио­нарларда айына 60 мың пациент бола­ды деген болжаммен коронавирус инфекциясын емдеуге ар­нал­ған дәрі-дәрмектердің 44 атауы сатып алынады, – деді Е.Есқалиев.

Оның айтуынша, әзірге 44 атау­дан дәрі-дәрмектің 39 түрі сатып алын­ды. Гуманитарлық көмек шең­­­берінде қажетті дәрі-дәрмекті жет­­кізу мәселесі қосымша пысық­талу­да. Төмендемейтін қор көлемі бекі­тілген кестеге сәйкес бірың­ғай дист­рибьютордың 4 хабына дәрі­лік заттарға пайыздық арақаты­нас­­та қажеттілік фактісі бойынша жет­­кізіледі. Төмендемейтін қор Ден­саулық сақтау министрлігінің бол­жамы негізінде медициналық ұйым­дардың өтінімдерінен тыс қалып­тас­тырылған және нақты өңірде нақты позициялар бойынша аурудың өршуі жағдайында пайда­ланылады. Пайдаланылатын көлем жедел түрде қосымша сатып алу­мен толықтырылады. Осы циклды тол­ықтыру үшін екі ай уақыт жеткілікті.