Әлем • 09 Ақпан, 2020

Иранда қазақ тілін үйрететін онлайн сынып ашылды

599 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Иранның Горган қаласында қазақ тілін онлайн үйрететін сынып жұмысын бастады.

Иранда қазақ тілін үйрететін онлайн сынып ашылды

"Иранның Горган қаласында онлайн түрде қазақ тілін үйрету сыныбы ашылып, Иран қазақтары тарихи оқиғаның орын алғанын сезді. Қандай қуанышты күн еді! Жастардың қуаныштары қойындарына сыймай тұрғаны көздерінен білініп-ақ тұрды. Осындай сезімдер дүние жүзіндегі барлық қазақтарға бұйыруын армандаймын.

Отандастар қорына жəне де Горган қаласындағы Қазақстанның бас консулы Айтжан Айдашев ағаға қазақтың өсіп-өркендеуі жолында атқарып жатқан жұмыстары үшін арнайы рахметімді жеткізуді өзіме борыш санаймын. Осыған қоса Иранда осы жұмысты ұйымдастыруға тырысып жүрген аға-апайларға алғыс айтамыз.

Отандастар қорының Жастар клубына қатысқалы бері өз отаныма деген көзқарасым өзгерді. Отандастар қорының бағдарламаларының арқасында дүние жүзіндегі қазақ жастарының барлығы бір-бірімен танысып, ауызбірлігі артып, сана мен сəніміз жарасатынына үміттенемін. Осы танысу мен қарым-қатынастардың нəтижесінде таным-біліміміз жаңарып, соңында еліміздің дамуына себеп болсын", - дейді Горган университеті колледжі студенті Шахира Ескелді Рахманқызы.

Айта кетейік, Шахира Ескелді Рахманқызы 1996 жылы Иран мемлекетінде дүниеге келіп, сонда өмір сүріп жатқан қандасымыз. Горган қаласындағы университеттің ағылшын тілі мұғалімін дайындайтын колледж студенті.