![Түркістан облысында блокбекеттер қойылмайды](/media/2020/11/11/nyshanov.jpg)
Дегенмен өңірде жеке азаматтардың той-мерекелерді атап өтуі толастар емес. Осы орайда Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстың бас санититариялық дәрігері Нұрбек Нышанов пандемия уақытында облыс тұрғындарын жалпыға ортақ тәртіпті сақтауға шақырды.
"Жаңадан қабылданған қаулыға сәйкес, 3 қарашадан бастап облыс аумағындағы мал базарлары санитариялық-дезинфекциялық режимді күшейтіп, 30%-дан асырмай толтырумен, аптаның жұмыс күндері жұмыс істеуіне рұқсат етілді. Түркістан облысы бойынша 31 мал базар бар. "Infokazakhstan" сайтына мал базарлардан ашылуға 16 өтініш түсті, оның 7-уі қаралып, төртеуіне жұмыс істеуге рұқсат берілді (Қазығұрт, Ордабасы, Келес, Төлеби), 3-уі қайтарылды, 9 өтініш қаралуда", деді облыстың бас санититариялық дәрігері
Түркістан облысы