Аймақтар • 11 Қараша, 2020

Учаскелік полицейлер үй аралап жүр

384 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Соңғы екі айдың ішін­де Ақтөбе қаласында отбасылық-тұрмыс­тық жанжал тудырып, үй ішінің шырқын бұз­ған 700-ден астам азамат әкімшілік жа­уап­кершілікке тар­тыл­ды. Олардың басым көпшілігі ішімдік ішіп алып, бала-шаға­сының берекесін алған ер адамдар. Каран­тин кезінде арақ ішу салдарынан отбасылық ки­кілжің­дердің қала­да да, ауылда да көбе­йіп бара жатқанын полицейлерге түскен шағымдардан-ақ кө­ру­ге болады.

Учаскелік полицейлер үй аралап жүр

Тұрмыстық қорлық-зом­былықтың алдын алу үшін Ақтөбе облысының барлық учас­келік полиция инспекторлары өздеріне бекі­тіл­ген аумақтағы тұрғын үйлерді аралауға кірісті.

Өйткені бұл шара бі­рін­шіден, учаскелік поли­цей­лердің өздеріне бекітілген аумақтағы қоғамдық тәртіптің сақталуын қадағалау болса, екінші жағынан тұр­ғын­дармен сенімді қарым-қа­тынас орнатып, қылмыстың алдын алудың бірден-бір амалы. Мас­күнемдікке шал­дыққан тұр­ғындар, кикілжіңі көп отбасылар, кәмелетке толмаған балалары жиі кетіп қалатын үйлерді учаскелік полицейлер жиі бақылап, отбасы мүшелерімен тікелей байланыс жасап тұруы тиіс.

Учаскелік полицейлер көп­қабатты үйлерді ара­лап, тұрғындардың құжат­та­­рын тексеру барысында пә­терлерін салық органда­рында тіркемей жалға бере­тіндерді де анықтады. Сол жерде дереу хаттама толтырылып, мә­ліметтер салық органдарына жіберілді.

Тұрғын үй аумақтарын аралау кезінде полицияның мәліметтер базасында тір­келген қару иелері тексе­ріл­ді. Заңды түрде тір­келген қару мен оқ-дәрі­лердің үй жағдайында сейфте сақта­луын қатаң бақылау– қару-жарақтың иесінен өзге бі­реулердің қолына түсіп, не ұрланып кетпеуі үшін жа­салған әрекеттер. Себебі – қа­ру иесі өз жауапкершілігін сезінуге тиіс. Осы шара ке­зінде Ақтөбе қаласы мен аудан­дарынан еш жерде тір­кел­меген 22 қару табылды.

Инспектордың өзіне бекі­тілген аумақтағы тұрғын үй­лерді аралауы кейбір азамат­тарға жақпай қалып жүр. Мә­селен, Мәртөк ауданының тұрғыны А.Степанова учас­келік инспекторды ба­ла­ғат­тағаны үшін қоғамдық жұ­­мысқа тартылды

Оқиға бы­лай болған. Аудандық полиция бекетінің кезекші бө­ліміне телефон шалған қыз бала ішімдік ішкен анасының отбасында жанжал шығарып жат­қанын хабарлайды. Же­дел шақырту түскен бойы тәртіпке шақыруға барған учаскелік инспекторды осы әйел балағаттайды. Инс­пек­тор әкімшілік хаттама тол­тырып, қызметтік мін­дет­терін орындау кезінде ар-на­мысына тиген әйелдің үсті­нен сотқа шағымданған. Мәртөк аудандық сотының су­дьясы тәртіп бұзушыны қо­­ғамдық жұмысқа тартуға шешім шығарды. Енді про­ба­ция қызметінде тұрған А.Сте­панова он күн бойы кү­ні­не төрт сағаттан Мәртөк елді ме­кенінің көшелерін сыпырып жүр.

«Есепте тұрған сотталған аза­матша отба­сылық жанжалды ту­дырғаны үшін әрі инспекторды балағаттаға­ны үшін әкімшілік жауап­кер­шілікке тартылды. Ол кө­ше­лерді сыпыру, сая­бақтарды қоқыстан та­зарту, ағаштар­ды әк­теу секілді жергілікті орган­дар мен Мәртөк ауда­ны­ның пробация қызметі ұйым­­дастыратын басқа да қо­ғам­дық жұмыстарды орын­­­дайтын болады», дейді Ақ­төбе облысы бойынша Қыл­­мыстық-атқару жүйесі депар­таментінің баспасөз хат­шысы Гүлфайруз Төре­мұратова.

 

АҚТӨБЕ