Аймақтар • 11 Қараша, 2020

ҚАЖД қызметкерлері арасында музыкалық байқау өтті

373 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚАЖД қызметкерлері арасында "Туған жер кеңістігінде: Н.Ә. Назарбаевтың сүйікті әндері" атты музыкалық байқауы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

ҚАЖД қызметкерлері арасында музыкалық байқау өтті

Байқаудың мақсаты - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған мерекелік іс-шараға дайындық шеңберінде, ұлттық музыка мәдениетінің жетістіктерін насихаттау, қызметкерлерді патриоттық, адамгершілік-эстетикалық тұрғыда тәрбиелеу, олардың мәдени және рухани деңгейін арттыру, Қазақстан полициясының оң имиджін нығайту болып табылады, деп хабарлайды Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД кадр саясаты бөлімшесі.

Байқауға Маңғыстау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты мекемелердің қызметкерлері қатысып, олар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың сүйікті әндерін орындады.

Мысалы, ГМ-172/6 мекемесінің режим бөлімінің жедел уәкілі әділет лейтенанты Сұлтан Мұздыбек "Үш қоңыр" әнін орындаса, ГМ-172/8 мекемесінің сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру тобының инспекторы әділет лейтенанты Тимур Кулбаев домбырамен  "Беу айдай" әнін орындады. Сондай-ақ ГМ-172/10 мекемесінің арнайы бөлімінің бастығы әділет майоры Алмажай Битимова "Когда придет весна" әнін, ГМ-172/10 мекемесінің режим және күзет бөлімінің бақылаушысы әділет кіші сержанты Қуатжан Базарбаев "Көзімнің қарасы" әнін шырқады.

Байқау қорытындысы бойынша, ГМ-172/10 мекемесінің арнайы бөлімінің бастығы әділет майоры Алмажай Битимова І орынға ие болды. Қызметкерлер Департамент бастығының дипломдарымен марапатталды. Байқау женімпазы А.Битимова Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында өтетін республикалық онлайн байқауға қатысуға жолдама алды.

 

Маңғыстау облысы