Аймақтар • 11 Қараша, 2020

Түркістанда өкпені жасанды желдету аппараттары 46,4%-ға артты

264 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысында коронавирустық инфекциямен ауыратын науқастарды емдеуге жатқызу үшін тұрақты негізде 600 инфекциялық және 340 карантиндік төсек-орын ұйымдастырылған. Пандемияның түрлі сценарийіне байланысты төсек-орнын 5 610-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік бар, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістанда өкпені жасанды желдету аппараттары 46,4%-ға артты

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимов мәлімдеді. Оның айтуынша, облыста медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасы едәуір толыққан. "Қазіргі таңда өңірдегі медициналық мекемелерде өкпені жасанды желдету аппараттарының саны 178-ден 332-ге дейін артып, өсім 46,4%-ды құрады.

Ал оттегі станциясының саны 2 есеге артып, 8-ге жетіп отыр. Сондай-ақ, 80 бірлік оксигенация аппараты (HI-FLOW) сатып алынды. Оттегі концентраторларының саны 890 бірлікке жетіп, өсім 95%-ды құрады. Оттегі нүктелерінің саны 9,7 есеге артып, 205-тен 2005 нүктеге дейін ұлғайды. Биыл облыстық бюджет есебінен бір дана компьютерлік томограф пен 3 дана сандық рентген аппараттары орнатылды", деді басқарма басшысы.

Сонымен қатар облыстағы медициналық ұйымдардың пульсоксиметрмен қамтамасыз етілуі 190-нан 3879-ға дейін жетіп, 95,1%-ға артқан. ПТР зертханаларының саны 3 бірліктен 9 бірлікке дейін өсіп, күн сайын 2500-ден астам тестілеуге мүмкіндік беруде. Коронавирустық инфекцияның екінші толқынына дайындық мақсатында облыстың медициналық ұйымдары дәрілік заттармен толық қамтамасыз етілген. Екі айлық қор резерві қалыптастырылған.

 

Түркістан облысы

Соңғы жаңалықтар

Бірліктің жоғары көрсеткіші

Референдум • Бүгін, 08:50

Халықаралық байқаушылардың бағасы

Референдум • Бүгін, 08:30

Ақпаратты жедел таратты

Референдум • Бүгін, 08:20

Айман мен Шолпанның тілегі

Референдум • Бүгін, 08:10

Қос ғасыр куәгері де қалыс қалмады

Референдум • Бүгін, 08:00