*Талдықорғаннан Алматыға әуе қатынасы іске қосылады. Бұл туралы айтқан Алматы облысының әкімі Аңсар Мұсаханов онымен «Жетісу» компаниясы айналысатынын жеткізді. Оның құрамында әзірге 4 ұшақ бар және ол облыс әкімдігінің балансында тұр.
*Талдықорғаннан Алматыға әуе қатынасы іске қосылады. Бұл туралы айтқан Алматы облысының әкімі Аңсар Мұсаханов онымен «Жетісу» компаниясы айналысатынын жеткізді. Оның құрамында әзірге 4 ұшақ бар және ол облыс әкімдігінің балансында тұр.
*Шығыстың туристік әлеуетін тиімді жарнамалау қажет. Өскеменде өткен арнайы кеңесте осы мәселені көтерген облыс әкімі Бердібек Сапарбаев өңірде мұны жасауға толық мүмкіндік бар екенін айта келіп, тиісті құрылымдарға осыған байланысты нақты тапсырмалар берді.
*Оңтүстік Қазақстан облысының Бәйдібек ауданында 3 медициналық нысан ашылды. Соңғы үлгідегі медициналық жабдықтармен жарақталған олар ауылдық округтер қарауындағы Ақтас, Жиенқұм және Ынтымақ атты шағын елді мекендерде пайда болды.
*Атырау облысында «Қыс-2013» жаттығуы аясында комиссия отырысы өтті. Онда республикалық оқу-жаттығуға дайындық мәселесі талқыланып, алда атқарылатын жұмыстар сараланды.
*Жамбыл облысында Хантау цемент зауытының проблемасы шешілді. Таяуда Елбасының сынына ұшыраған бұл нысан айналым қаражатының жоқтығы салдарынан тоқтап қалған еді. Қазір жоба бойынша жаңа инвестор табылды, ол өнім өндіруді 2014 жылдың бірінші жартысында бастағалы отыр.
*Павлодарда 30 белсенді жасқа облыс әкімінің білім гранты тапсырылды. Өңір басшысы Ерлан Арын мұны Қазақстан халқы Ассамблеясы жастар бірлестігінің белсенділерімен кездесу барысында жүзеге асырды.
*Қызылордада ауыр атлет Алмас Өтешовке құрмет көрсетілді. Қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Сыр жастары – жасампаздық жаршысы» атты қала жастарының дәстүрлі форумында жақында әлем чемпионатының күміс жүлдегері болып қайтқан спортшыға арнайы сыйлық табыс етті.
Еліміздегі облыстық және қалалық әкімдіктер сайттары материалдары бойынша дайындалды.