Аймақтар • 11 Қараша, 2020

Түркістанда депутаттар құрамы жаңарады

462 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысында  Nur Otan партиясының қалалық, аудандық филиалдарында кезектен тыс конференциялар өтуде, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістанда депутаттар құрамы жаңарады

Мысалы, Түркістан қаласында партия филиалының төрағасы Рашид Абатұлының төрағалығымен өткен конференцияның күн тәртібінде партияның сайлауалды бағдарламасын бекіту, пікірсайыс қорытындылары бойынша кандидаттар үшін дауыс беру, партиялық тізімді бекіту және аталған конференцияға партия қызметкерлері, саяси кеңес және бастауыш партия ұйымдары ұсынған делегаттар тізімін бекіту қаралды.

Үміткерлер пікірталас барысында өз бағдарламаларын баяндай отырып, сұрақтарға жауап берді. Одан кейін арнайы бөлмеде арақашықтықты сақтай дауыс беру мүмкіндігі ұсынылды. Биылғы праймериз көптеген өзгерістерге бастау болды. Енді алдағы уақытта жергілікті мәслихаттар, соның ішінде Түркістан қаласының мәслихат құрамы да кемінде 60-70 пайызға жаңарады деген болжам бар. Конференция соңында Түркістан қаласының әкімі, Nur Otan партиясы қалалық филиалының төрағасы Рашид Аюпов 2018-2020 жылдары атқарылған жұмыс пен жаңалықтар көп болғанын атап өтті.

258

Сондай-ақ Келес ауданында партия филиалының кезектен тыс VІІ конференциясы өтті. Облыстық партиялық кандидаттар тізіміне үміткерлер арасында өткен ашық қоғамдық пікірсайыстың бірінші кезеңінде аудандағы проблемаларды шешу туралы ұсыныстар айтылса, екінші кезеңде кандидаттар "Сұрақ-жауап" форматында пікірталас өткізді. Пікірсайыстан кейін конференция делегаттары "Праймериз" ақпараттық жүйесі арқылы дауыс беріп, өз таңдауларын жасады. Бекітілген тізімдерден депутаттық корпустың жаңарғанын аңғаруға болады. Сондай-ақ праймериз ережесіне сай әйелдер қауымы мен жастардың да үлес салмағы тең қарастырылған.

 

Түркістан облысы