Қожабай Жазықов 1920 жылы Ақтөбе облысы Байғанин ауданының Көктүбек ауылында туған. Облыс орталығында мұғалімдер даярлайтын училищені бітіріп, ауылда мұғалім болып жұмыс істеп жатқан жас жігітті 1942 жылдың 4 қаңтарында Темір аудандық әскери комиссариаты майданға жіберген. 2-Украина майданы, 7-гвардиялық армия, 25-гвардиялық атқыштар дивизиясы дербес барлау ротасының взвод командирі Қожабай Жазықовқа 1944 жылдың 25 желтоқсанында Венгрия аумағындағы шайқаста көрсеткен ерекше ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры атағы берілген.
Ол басқаратын барлаушылар тобы Сендедре қаласының түбінде Дунай теңізі арқылы аралға жасырынып өтіп, жаудың ту сыртынан соққы беріп, алты фашист солдатын тұтқындаған. Екінші күні барлаушылар тобы осы аралға түнде тағы шабуыл жасап, бұл жолы жаудың 70 жауынгері мен рота командирін, тағы үш офицерін қолға түсірген. Будапештке баратын негізгі жолды фашистердің бақылауынан азат етіп, Кеңес әскерінің Венгрияның аумағына қарай еркін өтуіне жол ашқан осы әскери гвардиялық құрамның сарбаздары түгел марапатталды.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 28 сәуірдегі Бұйрығымен Қожабай Жазықовқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Оның есімі Украинаның Полтава облысы Лубны қаласындағы 25-ші гвардиялық атқыштар дивизиясына арналған ескерткішке қашалып жазылған. Екінші дүниежүзілік соғыста көрсеткен ерліктері үшін "Ерлігі үшін" медалімен, "Қызыл Жұлдыз", үшінші дәрежелі "Даңқ", "Қызыл Ту" және Ленин ордендерімен марапатталған.
Соғыстан кейін Байғанин ауданында мектеп мұғалімі болып жұмыс істеп, отбасын құрды, бала тәрбиеледі, ұрпақ өсірді. Батыр 1982 жасында өмірден өткен. Кездесуге келген батырдың балалары– Балғали,Тамара, Лаура, Мақпал әкелері туралы естеліктермен бөлісіп, үйде сақталған майдандағы фотосуреттерін, әр кезеңде мерзімді басылымдарда жарық көрген мақалаларды музей қорына тапсырды.
Ақтөбе облысы