Аймақтар • 11 Қараша, 2020

Теледидар ұрлаймын деп тұтылды

104 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Петропавл қаласында өзіне сеніп кілтін тастап кеткен 19 жасар бозбаланың үйінен бағасы 137 мың теңге тұратын "Acer" теледидарын ұрлап, оны ломбардқа өткізген 1998 жылы туған ұры ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Теледидар ұрлаймын деп тұтылды

Аталған факті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне Қылмыстық кодекстің 188-бабы - "Ұрлық" бойынша енгізілді. Күдіктіге қатысты міндетті келу түріндегі мәжбүрлеу шарасы тағайындалды.

"Пәтер ұрлығын болдырмау үшін біз қала тұрғындарына үйдің қорғалуын күшейтуге кеңес береміз, яғни мықты құлыптар қойып, мүмкін болса үй подъездеріне домофондар мен бейне бақылауды орнату қажет, пәтер мен үйлерді дабыл жүйесімен жабдықтаған жөн", дейді СҚО Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Петр Климов.

Жыл басынан СҚО-да 132 пәтер ұрлығы тіркелді. Қазіргі уақытта 95-і бойынша процессуалдық шешім қабылданды.

ПЕТРОПАВЛ