Аймақтар • 11 Қараша, 2020

Қостанай облысында шектеу шаралары күшейтілді

109 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысы бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанай облысында шектеу шаралары күшейтілді

Қостанай облысында эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы байқалады. Соңғы аптада коронавирустың жаңа жағдайларының саны 2 есеге жуық өскен. Осыған байланысты Қостанай облысы бас санитариялық дәрігері карантиндік шараларды күшейту туралы бірқатар шешім қабылдады:

–Такси жүргізушілері мен жолаушылар міндетті түрде бетперде киюі керек;

–Косметикалық және косметологиялық қызметтер көрсететін шаштараздар, СПА-орталықтар, сұлулық салондары, маникюр және педикюр қызметтері, массаж салондары, солярийлер - 08:00-ден 19:00-ге дейін, алдын ала жазылу бойынша (1 келушіге 4 шаршы метр) жүреді;

–Азық-түлік дүкендері, соның ішінде шағын маркеттер, супермаркеттер, гипермаркеттер 08:00-ден 21:00-ге дейін ғана жұмыс істейді;

–Жиналыстар мен отырыстарды қашықтан өткізу мүмкіндігі болмаған жағдайда ғана күндізгі режимде өткізуге болады. Әрине, барлық санитарлық нормалар сақталады;

–65 жастан асқан адамдарға және халықтың әлеуметтік қорғалатын топтарына қажетті тауарларды, азық-түлік пен дәрі-дәрмектерді жеткізумен айналысатын еріктілердің жұмыс тобын жандандыру;

"Полиция департаменті қызметкерлеріне тұрғын үй секторын, базарларды, сауда нысандарын, саябақтарды, скверлерді, аулаішілік балалар ойын және спорт алаңдарын, қоғамдық көлікті патрульдеу құқығы беріледі. Маска режимі мен әлеуметтік қашықтықты сақтау тексеріледі. Учаскелік қызмет тобы отбасылық, ұжымдық және басқа да бұқаралық іс-шараларды (үйлену тойлары, еске алу және т.б.) анықтайды. Әрбір тәртіпбұзушылыққа кейіннен облыстың санқызметіне берілетін баянхат ресімделетін болады. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері үй карантиніндегі адамдарды да бақылайды", делінген Қостанай облысы бас санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысында.