Оқиға • 12 Қараша, 2020

Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің ҮНДЕУІ

944 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Құрметті отандастар!

Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы – Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев негі­зін қалаған бейбітшілік пен келі­сім­нің және бірлік саясатының жемісті жетіс­тіктері мен толайым табыстарының жарқын көрінісі.

Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің ҮНДЕУІ

 

Қазақстан халқы тәуелсіздік жылдарында Елбасының стратегиялық бас­шылығымен ғасырға бергісіз жолдан өтті.

Әлем картасында Тәуелсіз Қазақстан қарқынды нарықтық экономикасы бар, демократиялық қоғамдық құрылымы қалыптасқан және халықаралық зор беделге ие егемен мемлекет ретінде орнықты.

Қазақ халқы өзінің байырғы жерінің шынайы иесі ретінде айналасына 100-ден астам этносты шоғырландырып, азаматтық татулық пен этносаралық келісімнің тірегіне, дінаралық диалогтың халықаралық мінберіне айналды. 

Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделі – Нұрсұлтан Назарбаевтың үлгісі ретінде әлемдік деңгейде танылды.

Қазақстанды жаңғыртудың күр­­делі және серпінді үрдісі, геосаяси шие­леністер мен жаһандық эконо­мика­лық мәселелер тарих сынақ­тары алдын­дағы жалпыұлттық бірлікті нығайту жолында жаңа талаптар қоюда.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша қысқа уақыт ішінде этносаралық даму мәселелері бойынша мемлекеттік басқарудың тұтас саласы қалыптасты.

Мемлекеттік тілді этносаралық қатынас тілі ретінде бекіту, барша этностарды қазақ халқының айналасына топтастыру бағытындағы жұмыстар тың серпінмен жалғасуда.

Барша халықты біріктірген «Біз біргеміз!» жалпыұлттық акциясы уақыт сынына жауап берудің жарқын мысалы болды.

Әрқашан осы қалпымыздан айнымауымыз керек!

Біз Ассамблеяның барлық мүше­лерін, тұтас Қазақстан халқын бейбіт­шілік пен келісімді нығайту бағытында Елбасы  салған сара жолдан айнымауға шақырамыз.

Біз Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауының жемісті іске асатынына және алдағы реформаларға жалпыұлттық қолдау болатынына нық сенімдіміз!

Біз тұрақты татулық, қоғамдық келісім мен халық бірлігі –  еліміздің берік іргетасы және оның қарқынды дамуының кепілі болды және бола береді деп тұжырымдаймыз.

Азаматтардың әл-ауқаты артып, біздің ортақ Отанымыз – Қазақстан Республикасы өркендеп, дами берсін!

 

Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі

 

Нұр-Сұлтан қ., 2020 жыл, 11 қараша