Елорда • 12 Қараша, 2020

Мегаполис медицинасының әлеуеті

243 рет
көрсетілді
15 мин
оқу үшін

Қуатты мемлекеттің негізгі тіректеріне еңселі экономикасын, сапалы білімін, жоғары денсаулық сақтау саласын жатқызуға болады. Сапалы білім арқылы саналы ұрпақ өсіп-өркендемесе, экономикамыз есіктен төрге жете алмай қалары анық. Дегеніне жетемін деген азаматтың денсаулығы мықты болмаса, сапалы білімнің де сапары қысқа болары сөзсіз. Сайып келгенде, елдің елеулі жетістікке жетуі өміршең медицинасымен өлшенері хақ. Осы орайда тұғырлы мемлекетімізге тұтқа болып отырған бас шаһарымыздың медициналық ахуалына көз жүгіртіп көрсек.

Мегаполис медицинасының әлеуеті

 

Медициналық қызметтерге өзгеріс енгізді

Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов осы жылдың 1 қаң­тарынан бастап қаланың медициналық ұйым­дары міндетті әлеуметтік медицина­лық сақ­тандыру жүйесінде жұмыс істей бас­тағанын атап өтті.

«2020 жылға міндетті әлеуметтік медици­налық сақтандыру қоры қызмет­терді сатып алу үшін 100 денсаулық сақтау субъектілерімен шарт жасасқан. Оның ішінде 32 медициналық ұйым – мемлекеттік меншік нысанында, бұл 32 пайызды құрайды. Ал қалған 68 па­­йызы – жеке медициналық ұйым­дар. 100 медициналық ұйымның ішін­де амбулаториялық-емханалық қыз­меттерді 35 нысан, консультативтік-диаг­ностикалық қызметтерді 44 нысан көрсетеді. 2020 жылы амбулаториялық-емханалық ұйымдардың саны – 35, оның ішінде 280 мың адамды тіркеумен айналысатын 16 мемлекеттік және 19 жекеменшік (54%) ұйым бар. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінде және міндетті әлеуметтік ме­дициналық сақтандыру шеңберінде ме­дициналық көмек көрсетуге қаланың ме­дициналық ұйымдарына 166 млрд теңге бөлінді. Қаржыландыру сомасы 55 пайыз ұлғайтылды. Оның ішінде стационарлық көмекті қаржыландыру 46 пайызға, ста­ционарды алмастыратын көмек 53 пайызға артты. Әлеуметтік медициналық сақ­тандыру жобасы шеңберінде қалпына келтіру емі мен медициналық оңалтуға қала тұрғындарына 3,1 млрд теңге (2019 жылы – 8 млн теңге) сомасында қызмет көрсету жоспарланған», деді басқарма басшысы.

Сонымен қатар Т.Мұратов биыл медицина үшін қиын болғанын жет­кізіп, індет саладағы көптеген қызметтің жұмысына өзгерістер енгізгенін айтты.

«Барлық күштер мен ресурстар коронавирус инфекциясымен күресу­ге жұмсалды, әрине бұл біздің негізгі жұмы­сымызға әсер етті. Бас санитарлық дәрі­гердің қау­лы­сына сәйкес алғашқы меди­циналық-сани­тарлық көмек көр­сету ұйымдары мен стационарларда жоспарлы медициналық көмек көр­сету тоқтатылды. Әлеуметтік медици­налық сақтандыру жобасы аясында қаланың медициналық ұйымдары 2020 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында алдын ала тексеру, консультативтік-диагностикалық көмек, стационарды алмастыратын көмек, стационарлық медициналық көмек, сондай-ақ жоғары технологиялық медициналық қызметтер, қалпына келтіру емі және медициналық оңалту қызметтерін көрсетті. 1 қаңтардан бастап КТ және МРТ, медициналық-гене­тикалық зерттеулерді қоса алғанда, қымбат тұратын зерттеу түрлері, қымбат тұратын зертханалық қызметтер алғашқы медициналық көмек көрсету дәрігерінің көрсетілімдері мен жолдамалары бо­йын­ша барлық пациенттерге тегін көр­сетіледі», деді Т.Мұратов.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша елордада медициналық қызмет көрсетушілер тізіміне енгізілген медициналық ұйым­дарда, республикалық және жекеменшік аппараттарды қоса алғанда, 19 КТ және 19 МРТ аппараты бар. Үшінші тоқсанда 9,13 мемлекеттік кәсіпорыннан үшін 2 КТ аппараты сатып алынған.

Биыл 1 қаңтардан бері алғашқы меди­циналық-санитарлық көмек ұйымдарына тіркелген азаматтардың жалпы саны 1 191 650 адамды құрады. Халықты ақпа­раттандыру мақсатында 100 мыңнан аса адамды қамти отырып, 35 мыңнан аса кездесу өткізілді, бұқаралық ақпарат құрал­дарында, республикалық және қалалық басылымдарда 357 материал жарияланды, әлеуметтік желілер беттерінде және ресми сайттарда 10 мыңнан аса материал орналастырылды. Халық арасында таратылған баспа өнімдерінің саны 106 мыңнан асады. Whatsapp арқылы және Smart Astana, Damu Med мобильді қосымшалары арқылы 68 мыңнан аса адам хабарландырулар алған. Медициналық ұйымдарда, мәдени мекемелерде, халыққа қызмет көрсету орталықтарында, сауда орталықтарында және жергілікті атқарушы органдарда әлеу­меттік медициналық сақтандыру жо­басы туралы ақпараттық материалдар ілінді. Сондай-ақ аудио және бейне роликтер таратылды.

 

Індетпен күресте іркіліс болмайды

Індет іргемізге із салғалы елдің көбі үміт пен үрейдің құшағында жүргені анық. Бас шаһарымыздағы ахуал да алаң­датарлық.

Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық ден­саулық сақтау басқармасының мә­лі­метінше, бүгінде қалада індетке шал­дыққандар саны 14 710 адамды құрай­ды, оның ішінде 14 069 адам немесе 96%-ы жазылып шыққан. Қаза болғандар саны – 318 (2,2%). Ал 119 адам стационар­лар­да ем алуды жалғастыруда. 114 адам ин­фекциялық ауруханада, қал­ғаны ка­рантиндік стационарда жатыр.

Бүгінде 1 020 орынды құрайтын 7 аурухана қызмет көрсетеді. Оның бесе­уі – инфекциялық (320 төсек), екеуі – карантиндік (700 төсек, Рамада, КМО). Жедел жәрдем қызметіне қала тұр­ғындарынан тәулігіне 1 540 қоңырау түсуде. Шақыртулар саны тәулігіне 1 111-ді құрайды. КВИ-де биоматериалдарды жинауға арналған 15 зертхана бар. Зертханалардың жалпы қуаты тәулігіне 10 мыңнан аса сынақты құрайды. Қазіргі уақытта 544 мыңнан аса зерттеу жүр­гізілді. Қалғанында шамамен 112 мың тест бар. Бір сағат ішінде зерттеу жүргізе алатын 9 мобильді шағын зертхана са­тып алынды. Бұлар тәулігіне жалпы 1 440 тест алуға қауқарлы.

5 қарашада 2 халықаралық рейс қа­былданып, 280 жолаушы келді. Оның 275-і­ ПТР-тесттен өткен сертификатымен, 5-­уі сертификатсыз болды. 6 қазан мен 5 қа­­раша аралығында 153 рейс қонды. Бұл ша­­мамен 18 мың жолаушы. Оның 3 028-і карантиндік ауруханаға жатқы­зылды. Ме­дициналық ұйымдардың меди­циналық жабдықталуына тоқталатын бол­сақ, стационарларда өкпені жасанды желдету 100% жабдықталған – 434 аппарат, 19 КТ, 27 рентген аппараты, 500-ден аса оттегі кон­центраты, 1 584 оттегі нүктелері. Қосым­ша 3 оттегі резервуары, 601 флоуметр, 500 көпсалалы медициналық кере–ует, 2 жылжымалы рентген кешені және 6 рентген аппарат алынды.

Коронавирус инфекциясы бойын­ша аурухана деңгейіндегі ахуалға тоқ­талатын болсақ, бұл жоспар меди­ци­налық мекемелерді 3 сценарий бойынша пайдалануды көздейді. Оптимистік сце­нарий бойынша жұқпалы аурулар ауруханаларының жүктемесі 500 төсек­тен асады (70%). 1 645 төсектік орынға ар­нал­ған 5 нысан тартылады. Шынайы сценарий бойынша жұқпалы аурулар ауруханаларының жүктемесі 1 100 төсек­тен асады (70%). 1 919 төсектік орынға арнал­ған қосымша 12 нысан тартылады. Пес­симистік сценарий бойынша жұқпалы ауру­лар ауруханаларының жүктемесі 2 500 төсектен асады (70%). 2 090 төсектік орынға арналған 7 нысан қосымша тартылады (кереуеттерді тек қалалық ауру­ханалар мен емханаларда ғана емес, сонымен қатар қонақүй кешендері мен жатақханаларда бейімделген бөлмелерде орналастыру қарастырылады).

Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Т.Мұратов медицина қызметкерлеріне төлемақы төлеу бойынша мәлімет бере келіп, медициналық ұйымдардың қыз­мет­керлеріне күрделілік санаты бойынша төлемақы төленіп жатқанын айтты. Бү­гінде төленген жәрдемақы мөлшері 10 млрд-тан аса теңгені құраған.

«Жалпы алғанда, қаладағы эпидемия­лық жағдай тұрақты. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы күзгі-қысқы кезеңде COVID-19-дың алдын алу және емдеу бойынша іс-шаралар жоспарын бекітті. Алғашқы медициналық-санитарлық кө­мек ұйымдарының деңгейінде COVID-19 симптомсыз және ауруы же­ңіл болып келетін, сондай-ақ індет жұқтырғандармен байланыста болған адамдарға науқастарды қашықтан басқару бойынша жұмыс ұйымдастырылады. КВИ және пневмониямен ауыратын науқастарға үй жағ­дайындағы ауруханалар ұйымдастыру, оларға ақысыз дәрі-дәрмектер беру қа­растырылған. Қаланың барлық емханасында мобильді топтар пациенттерге үй­ге бару арқылы қызмет көрсетеді. Індет жұқтыруы мүмкін науқастардан коронавирус инфекциясына үйден ПЦР-тест алу қарастырылған. Олардың саны 207-ні құрайды. Күніне осындай топ 200-ден аса шақыртуларға шығып жүр», деді ол.

Аталған басқарманың ақпаратына сүйенсек, қаланың барлық емханасында фильтр кабинеттер жұмыс істейді. Олардың негізгі міндеті – өткір респи­ратор­лық вирустық инфекция белгілері бар науқастарды анықтау және оқшаулау. Фильтр кабинеттерінде пациенттер ПТР-тестілеуден өтеді. Егер вирус анықталса, амбулаториялық бақылау және емдеу бас­талады. Күніне фильтр кабинеттерден 350-ге жуық науқас өтеді. Егер коронавирус анықталса, олар амбулаториялық емдеуді бастайды.

 

9 айда 96 млрд теңге көлемінде қызмет көрсетілді

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде медициналық сақтандыру жүйесі енгізілгенін айтып, сол бойын­ша медициналық қызмет екі пакет – тегін медициналық кепілдендірілген кө­мек көлемі (ТМККК) және міндетті әлеу­меттік медициналық сақтандыру (МӘМС) бо­йынша көрсетілетінін айтты.

«Медициналық сақтандыру қоры 2020 жылғы 20 қазандағы жағдай бойын­ша Нұр-Сұлтан қаласында 100 қызмет жеткізуші медициналық ұйым­мен келісімшартқа отырған. 2020 жыл­дың 9 айында 96 млрд теңге мөлше­рін­дегі сомаға қызмет көрсетілген. Жоспар­ланған сома 111,8 млрд теңге болса, оның 86%-ы орындалған. Олардың ішінде ТМККК аясында – 68,0 млрд теңгеге қызмет көрсетіліп, жоспар 93% орындалған (жоспарланған сома 73 млрд теңге), МӘМС жүйесінде – 28 млрд теңгеге қызмет көрсетіліп, жоспар 72% орындалған (жоспарланған сома 38,8 млрд теңге). ТМККК аясында 4,8 млрд қосым­ша қажеттілік бар.

COVID-19 індетінің таралуына жол бермеу мақсатында төтенше жағдайдағы шараларға төлем жүргізу лоты бойынша 18 134 146 теңге бөлінді. Наурыз-қыр­күйек айларындағы қорытынды бойын­ша 15 524 417 теңге игеріліп, келі­сім­шарт сомасынан қалғаны – 2 609 729 теңге.

2020 жылғы 20 қазандағы жағдай бойынша Нұр-Сұлтан қаласында амбу­латорлық деңгейде ПТР тәсілімен био­логиялық материалдан COVID-19 вирусын анықтау үшін диагностикалық зерт­теу қызметтерін көрсетуге 870 млн теңге сомасына келісімшарт жасалған. Олар­дың ішінде ТМККК қаржыландыру көзі бо­йынша 369 млн теңге сомасына, МӘМС қаржыландыру көзі бойынша 501 млн теңге сомасына келісімшарт жасалған.

Айта кететін жайт, Нұр-Сұлтан қала­сы бойынша тұрғындар саны – 1 166 015. Олардың ішінде 636 239 тұрғын жеңіл­дігі бар санатқа жатады, бұл барлық тұрғын­дардың 55%-ына жуық, олар үшін жар­наны мемлекет төлейді. Елордада 1 қазандағы жағдай бойынша 354 925 адам – жалдамалы жұмыскер, 43 635 адам – жеке кәсіпкер, азаматтық-құқықтық шарт негізінде жұмыс істейтіндер – 47 666, бірыңғай жиынтық төлем бойынша жарна аударғандар – 133 174, өз бетінше жарна төлейтіндер саны – 11 446. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сақтандырылған тұрғындар саны – 964 431.

«Жарналар мен аударымдар сомасына қатысты айтар болсам, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлердің міндетті әлеу­меттік медициналық сақтандыру үшін жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шіл­десі мен 2020 жылдың 30 қыркүйегі аралығында аударған жарналарының жал­пы сомасы 49,9 млрд теңгені құрайды. Олардың қомақты бөлігі – 41 млрд теңге жұмыс берушілердің аударымдары, ал жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құ­қықтық шарт негізінде жұмыс істейтін тұл­ғалардан түскен жарналар 8 млрд теңгені құрады. Үкіметтің 2020 жылғы 20 сәуірдегі №224 қаулысы негізінде шағын және орта бизнес субъектілері осы жылдың 1 қазанына дейін жеңілдік кезең аралығында медициналық сақтандыру жарнасын төлеуден толығымен босатылды», Н.Қабдықапаров.

Қазіргі уақытта қордың Нұр-Сұл­тан қаласы бойынша филиалы бұқа­ралық ақпарат құралдарына, әлеу­меттік желілерге, Мемлекеттік кірістер департаментінің, «Атамекен» ҰКП ресми сайттарына, елорданың Орталық бухгалтерлер үйіне осы жеңілдікті алу үшін шағын және орта бизнес қызметкері ретінде «Қолдау 24/7» мобильді қосымшасы арқылы тіркелу тәсілі туралы ақпараттық материалдар жіберілген. Барлығы 33 585 шағын және орта бизнес субъектісі бар, олардың ішінде тө­лем жүргізген немесе қызметкерлер тізі­­мін жаңартқандары – 19 833, төлем жүр­гіз­беген немесе қызметкерлер тізімін жаңарт­­паған шағын және орта бизнес субъек­тісі – 13 752. Сондай-ақ мемлекет­тік кірістер департаментінің сайтында msb.fms.kz сілтемесі орнатылған. Егер шағын және орта бизнес қызметкері тізімде болмаса, «Қолдау 24/7» мобильді қосымшасын жүктеп алып, тіркеліп, өзінің шағын және орта бизнес қызметкері екенін дәлелдейтін құжатын тіркеп, қорға өтінім жіберуі қажет. Бұл бағытта жұмыстар жалғасуда.

«Қор тұрақты түрде тұрғындармен байланыс орнатып отыр. 1 қаңтар – 1 қазан аралығында СРМ Айкей-де 928 шағым тіркелген, халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау бөлімі олардың бәрін қарады. 1 406 байланыс орталығына азаматтардан шағым-өтініштер көп түседі. Мұнда 1 қаңтар – 1 қазан аралығында медициналық қызмет көрсету бойынша 92 241 шағым тіркелген. Олардың бәрін мамандар қарады. Шағымдардың 70%-ы­ карантин кезінде түсті. Әлі де күн са­­йын шағым-өтініштер түседі», деді «Әлеу­меттік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры.