Аймақтар • 12 Қараша, 2020

Жөндеуге қойылған автомашинаны ұрлап кеткен

186 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Петропавлдың полициясына 64 жастағы қала тұрғыны қайрылып, өзінің техникалық қызмет көрсету стансасына (ТҚС) жөндеуге қойылған «Honda CRV» автокөлігін біреудің айдап кеткені туралы шағым түсірген, - деп хабарлайды Egemen.kz

Жөндеуге қойылған автомашинаны ұрлап кеткен

Мұндайда күдік алдымен ТҚС қызметкерлеріне түсетіні белгілі. Қаланың  ПБ Бірінші полиция бөлімінің қызметкерлері сол бағытпен жұмыс істеп, күдіктіні тез анықтады. Ол ТҚКС жұмысшысы, бұрын мүліктік қылмыс жасағаны үшін сотталған 1974 жылы туған қала тұрғыны болып шықты. Күдікті ұстау кезінде мас болғандықтан, одан жауап алу кейінге қалдырылған. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабы «Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Күдіктіге қатысты міндетті келу туралы шара таңдалды.

Жыл басынан бері облыста біреудің машинасын ұрлап кетудің 81 фактісі болған. Қазіргі уақытта оның 64-і өндіріспен аяқталды.

ПЕТРОПАВЛ

Соңғы жаңалықтар

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:30

Есеп. Естелік. Ереже

Ғылым • Бүгін, 08:20

Ғалымын қолдаған ел озады

Ғылым • Бүгін, 08:15

Тектінің тұяғы

Руханият • Бүгін, 08:10

Бакуден басталған үн

Тарих • Бүгін, 08:07

Математиктің рухани беделі

Қоғам • Бүгін, 08:03

Театрдағы тапқырлық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Жансебіл жазушы

Руханият • Бүгін, 07:55

Картинадағы тағдыр

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:50

Ең қымбат жарнама

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:45