Облыстық прокуратураның жанындағы Лермонтов көшесінің учаскесінде "Павлодар жылу желілері" ЖШС жұмыс жүргізген іргелес тротуарды кәсіпорын ретке келтіруі тиіс еді. Бірақ ЖШС жылы күндері жұмысты аяқтап үлгермеген.
"Бүгін таңертең қар жауғаны белгілі. Осыған қарамастан, жылу берушілердің мердігерлік ұйымы – "Жаса групп" ЖШС асфальт төсеуді жалғастырған. Технологиялық процестің бұзылғаны байқалады, бұл дұрыс емес", деп хабарлады Павлодар әкімдігінде.
Қала әкімшілігі тәртіп бұзушылар жазаланатынын атап өтті.