Аймақтар • 12 Қараша, 2020

Ішкі істер органдарының ардагерлерімен кездесу өтті

585 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысы Полиция департаментінде “Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі” атты Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына жолдауы аясында Ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаевтың тапсырмасымен ІІМ Кадр саясаты департаментінің имидждік іс-шаралары департамент басшысы Ж.Бақтыбаевтың басшылығымен тұрақты түрде жүргізіліп тұрады. Солардың бірі, 2020 жылы 11 қарашада Полиция департаментінде өткізілген – Ішкі істер органдары ардагерлерімен кездесу шарасы.          

Ішкі істер органдарының ардагерлерімен кездесу өтті

Іс-шара барысында, ардагерлер департамент мұражайында болып, ондағы құнды жәдігерлермен танысты. Өздерінің қызметтік жолдарын, бастан кешкен оқиғаларын еске алып, осылайша өткен шаққа ойша сапар шеккендей керемет сезімде қалғандарын айтып жеткізді.

Іс-шара ПД, қала, аудан кадр саясаты бөлімінің басшы құрамдары мен полиция ардагерлерінің қатысуымен өткізілген дөңгелек үстелмен жалғасын тапты. Ашық алаң, еркін пікірталас жүргізіліп, ардагерлердің ұсыныстары мен сұраныстарына құлақ түрілді. Бүгінгі күнде,  Полиция департаментінің бастығы Ж.Бақтыбаевтың тікелей тапсырмасымен қала, аудан бойынша әр учаскелік полиция пункттеріне бір-бірден ардагер тағайындау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ондағы мақсат – қазіргі кезде қызмет атқарушы полиция қызметкерлері мен ардагерлердің арасындағы байланысты нығайту, сонымен қатар, екі буындағы ойлар мен екі буындағы көзқарастарды тоғыстыра отырып, халықпен тиімді әрі тығыз байланыс орнату.       

Полиция департаментінде полиция қызметкерінің имиджін қалыптастыруда тұрғылықты жұмыстар атқарылуда. Ал, ардагерлерді қазіргі полиция қызметіне араласуға жұмылдыру, имидж қалыптастыру барысындағы бір аспект болып есептеледі. Әсерлі де мазмұнды өткен шара соңында ардагерлер Полиция департаментінің бастығы Ж.Бақтыбаев пен басшы құрамға өз алғыстарын білдірді.

 

 

Маңғыстау облысы