Аймақтар • 12 Қараша, 2020

Маңғыстауда соңғы аптада 5 адам Cobid-19, 38 адам вирустық пневмония жұқтырған

125 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Маңғыстауда соңғы аптада 5 адам коронавирус инфекциясын жұқтырып,  38 адам коронавирустық пневмонияға шалдыққан. Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті бөлімінің бас маманы Ақылбек Құлшағазиев мәлім етті.

Маңғыстауда соңғы аптада 5 адам Cobid-19, 38 адам вирустық пневмония жұқтырған

Оның айтуынша, бүгінгі таңда Маңғыстау облысының аумағында коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай қолайлы болып отыр. Атап айтсақ, соңғы аптада (04.11-10.11) Маңғыстау облысы репродуктивті көрсеткіш бойынша жасыл аймақта.

Өңірде 11 қарашадағы жағдайға сәйкес, ПТР тәсілімен мемлекеттік және жеке меншік зертханаларда (барлығы - 5) 148584(бір күнде 1424 анализ) адам тексеріліп, оның 3410 оң нәтиже берді. Ұлттық сараптама орталығында бүгінгі таңда  23321  тест  сынамасы бар.

Облыста 17 тамыздан бастап 24 мониторинг тобы құрылды. Бүгінгі таңда мониторинг тобымен 723 рейд жүргізіліп, 1537 нысан тексерілді. Рейд барысында 127 нысанда бұзушылықтар анықталып, 99 ( 14 жеке кәсіпкер, 46 жеке тұлға, 1 заңды тұлға) әкімшілік хаттама (6 млн. 708870т.)  толтырылды.

6-қазаннан бастап, Өзбекстан  елімен «Тәжен» автомобиль өткізу пункті арқылы 6119 автокөлік және жаяу жолаушылар кірді. Оның ішінде: Транзиттік автокөлік 5838,  Қазақстан Республикасына 216 автокөлік, 61 жолаушы (24 жолаушы ПТР анализсіз, ал 37 жолаушы ПТР анализімен), 4 транзиттік жолаушы өтті.  Тексерілген 24 азаматтың ішінен 2 оң нәтиже анықталды. Екеуінде де вирустың шағымсыз түрі болғандықтан, олар үй карантиніне алынды. 

«Ақтау халықаралық әуежайы арқылы шет елдерден 1304 жолаушы ұшып келді. Оның ішінде 106 жолаушыда ПТР анализі болмауына байланысты, олар оқшауға алынып, коронавирусқа тексерілді. Қорытындылары теріс», - деді Ақылбек Құлшағазиев.

Баспасөз конференциясында  Маңғыстау облыстық ауруханасының дәрігер эпидемиологы Мерей Сисенов те қатысты. Ол өз кезегінде тұрғындарды жауапкершілік танытып, санитарлық ережерелерді сақтауға шақырды.

«Маусым, шілде айларында біз бастан кешірген қиындықтардан сабақ алу мақсатында аурудың алдын-алу шараларын қатаң ұстануымыз қажет. Әуелі, тұрғындар оқшаулануы міндетті. Адам көп шоғырланатын аймақтарға баруды шектеу және жеке бас гигиенасын сақтау - біздің басты міндетіміз. Коронавирустық инфекция өкпе, тыныс жолдары арқылы жұғатынын білеміз. Осы орайда, тыныс жолдарының гимнастикасын жасау да аса маңызды», - деді Мерей Сисенов.

 

 

Маңғыстау облысы