Аймақтар • 12 Қараша, 2020

ПТР-зертханалар қуаттылығы тәулігіне 76 мың зерттеуге дейін жеткізілді

136 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау вице-министрі, ҚР бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов мәлімдеді.

ПТР-зертханалар қуаттылығы тәулігіне 76 мың зерттеуге дейін жеткізілді

Оның мәліметінше, зерттеудің бұл түрі 139 зертханада жүргізіледі. Алдағы уақытта қуаттылықты арттыру көзделген.

«Мәселені пысықтап, алыстағы өңірлерді қамтитын мобильді зертханалық кешендер дайындалуда. Бұл мобильді кешендер шалғай аудандарда да жұмыс істей алады. Жалпы, ПТР-тестілеуге деген қажеттілік бүгінгі күні талаптарға сай. Бұл тәуліктік қуат болғанына қарамастан, көрсеткіштер күніне 35 000- 36 000 зерттеуге жетеді», - деді Қиясов.