Аймақтар • 12 Қараша, 2020

Заңды талапқа бағынбай, қарсылық танытқаны үшін ұсталды

551 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылордада облыстық мамандандырылған күзет қызмет басқармасы қызметкерлерінің заңды талабына бағынбай, оларға күш көрсеткен тұрғын ұсталды, - деп хабарлайды Egemen.kz

Заңды талапқа бағынбай, қарсылық танытқаны үшін ұсталды

Отыз жеті жастағы азамат осыдан 8 күн бұрын жеке иелігіндегі автокөлігімен «Қызылорда су торабы» көпірінен өтпек болады.  Мемлекеттік күзетуге алынған стратегиялық нысан саналатын көпірден өтуге және жүруге  тыйым салынған жол белгісін көзге ілмеген және оны ескерткен полиция қызметкерлеріне бағынбаған. Күзетілген нысанға қасақана заңсыз кіріп, темір тосқауылды ашып, өтіп кеткен. Сөйтіп, Қазақстан Республикасы әкімшілік кодексінің 506 және ҚР ӘҚБтК-нің 601-бабымен көзделген заң талаптарын бұзған.

Мемлекеттік күзетуге алынған стратегиялық аймақ көпірі арқылы көлік құралына жүруге тыйым салынғандығын ескертіп, көлікті тоқтатуын сұраған  полиция қызметкерлеріне бағынбай, оларды қағып өтіп оқиға орнынан бой тасалаған тұрғын көп кешікпей ұсталды.

Қазір ол Қызылорда ҚПБ-ның уақытша ұстау абақтысында жатыр. Оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 380-бабы 1-бөлігімен (Билік өкiлiне қатысты күш қолдану) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.