Отырыс жұмысына Сенат депутаттары Әли Бектаев, Нұржан Нұрсипатов және Андрей Лукин қатысты.
Кездесу ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамасын жақындастыру және үйлестіру жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ҰҚШҰ ПА қызметі бағдарламасының жобасын келісу мақсатында өтті.
Комиссия отырысы барысында ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы Кеңесінің кезекті отырысының қарауына ұсынылатын ҰҚШҰ ПА қызметі бағдарламасының жобасы қаралды.