Оқиға • 13 Қараша, 2020

Тағылымы мол туынды

173 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Алматыдағы Ғылым орда­сында «Нұрсұлтан Әбіш­ұлы Назарбаев» био­биб­лиографиясының тұсау­кесері өтті. Тағылымды тұл­ға­ның қайраткерлік жолын арқау еткен туындының та­ныс­­тырылымына қабыр­ғалы қаламгерлер мен бел­гілі ғалымдар жиналды. Жө­ні бөлек жинақ Елба­сы­­­ның­ Ұлттық ғылым ака­де­­мия­­сының академигі болып сай­ланғанына 25 жыл то­­л­уы­­на орай жарық көріп отыр.

Тағылымы мол туынды

Жобаның жүзеге асуына Қазақстан Республикасының Тұң­ғыш Президенті – Елбасы Кең­сесінің басшысы, саяси ғылым­дар докторы, профессор Махмұд Қасымбеков бастамашы болған. Кітапта Қазақстан мен әлемдік қоғамдастықта мойындалған Елбасының өмірі мен қызметі, тың бастамалары мен сіңірген еңбегі бейнеленеді. Елбасының іргелі, бағдарламалық және стратегиялық еңбектері, жарияланымдары, шығармашылық жұмыстары, сондай-ақ Қазақстан мен шетелдерде сөйлеген сөздері туралы бірқатар материал­дар мен ақпараттарды да осы жинақ­тан табуға болады. Сонымен қатар кітапта Қазақстан Респуб­ликасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевқа арнап түсі­рілген көркем және деректі фи­льм­дер, туынды авторлары мен әдеби басылымдар туралы ақпа­раттар көрініс тапқан.

Биобиблиографияның тұ­сау­­кесері Елбасы кітапхана­сы мен Ұлт­тық ғылым академия­сы бір­лесіп ұйымдастыр­ған «Қазақстан ғылымы: даму ке­зеңдері мен басымдықтары» тақы­рыбындағы дөңгелек үстел ая­­сында өрбіді.

– Биыл Қазақстан Респуб­ли­касы Ұлттық ғылым акаде­миясының мүшелігіне Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қабыл­дан­ғанына жыл 25 толмақ. Осы орайда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің басшысы, саяси ғы­лымдар докторы, профессор М.Қасымбековтің жетек­шілігімен Елбасы кітапханасы «Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев» академиялық биобиблиографиясын әзірледі. Тағдыры мен борышын егемен Қазақстанның қа­лыптасу тарихымен ұштас­тырған тұлғаның еңбек жолы басылым негізіне алынып отыр. Өзінің бай тәжірибесіне сәйкес, бүгінде Елбасы Қазақстанда білімді, ғы­лымды дамытуға мейлінше көңіл бөліп келеді. Жыл сайын бұл салаға бюджеттен үлкен кө­лемде қаражат бөлініп, елімізде жаңа заманауи мектептер, дарынды балаларға арналған оқу орындары және әлемдік деңгейдегі уни­верситеттер ашылуда. Олар талант­ты оқытушыларды, сту­дент­терді, зерттеушілерді тартатын орталықтарға айналды. Тәуел­сіздікке қол жеткіз­ген күн­­дер­ден бастап Елбасы мем­ле­кеттің білім беру және ғы­лым саласын ешқашан назар­дан шығарған емес. Елбасы айт­қандай, ғылымсыз өндіріс алға баспайды. Сондықтан әрбір Жол­дауында индустрияның әр сала­сын инновациялық, ғылыми сүйе­мелдеумен күшейтуді талап ететін. Қазақстанның Тұң­ғыш Президенті қайда болса да, республика көлемінде немесе шетелдік сапарда болсын, жоғары оқу орындарының сту­дент­терімен ұдайы кездесулер өт­кізеді, дәрістер оқып, өзінің білімі мен тәжірибесін жастармен бөліседі, – деп атап өтті Ел­ба­сы кітапханасының директоры, саяси ғылымдар докторы, профессор Әмірхан Рахымжанов.

Дөңгелек үстел қатысушы­лары­на өз құттықтау хатын жол­даған М.В.Ломоносов атын­дағы Мәскеу мемлекеттік уни­вер­­ситетінің ректоры Вик­тор Садов­ничий: «Биобиблио­гра­фия­­ның жариялануы қоғам­дық, ғылыми және саяси өмір­дегі маңызды оқиға. Ол Қазақ­стан Рес­публикасының Тұң­ғыш Пре­зиденті – Елбасы Н.Ә.Назар­баевтың тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуының бар кезеңіндегі орасан зор еңбегін танытады. Кітапта Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстанның дамуына, атап айтқанда, саясат, экономика, қоғамдық өмір, ұлтаралық қа­ты­настар, т.б. мәселелердегі тұтас қадамының көрініс табуы маңызды» дей келе, кемеңгер тұлғаның ел дамуындағы елеулі еңбегі ұрпақ үшін өлмес өнеге екенін жеткізді.

Бұл ойды қуаттай түскен отан­дық ғалымдар да ел тәуел­­сіздігінің 30 жылдығы қарса­ңын­да Тұңғыш Президент – Елбасы жүріп өткен жол жаңа көзқарас тұрғысынан зерттеліп, сарапталуы керек деп есептейді.

«Қазақстан дамуындағы ірі жобалардың неге негізделгенін, қалай жүзеге асқанын, неге қол жеткізгеніміз туралы ғылыми түйін жасауға тиіспіз. Мұны бәрі білуі керек. 1995 жылы экономи­ка ғылымдарының докторы, про­фессор Н.Ә.Назарбаев ҰҒА ака­демигі болып сайланғанда, барлық ғалымдар бірауыздан қолдадық. Біз бәріміз Елбасының жос­парлы экономикадан на­рық­тық экономикаға көшуді ғылы­ми тұрғыда жасақтап шыққа­нын білеміз. Және оны тұтас бір мем­лекет тәжірибесінде жүзеге асыр­ды. Міне, осы үшін академик болып сайланды», дей­ді ҰҒА президенті, химия ғы­лым­дарының докторы, академик М.Жұрынов.

Қазақ тағамтану академия­сы­ның директоры, медицина ғылым­дарының докторы, акаде­мик Төрегелді Шарманов Қазақ­станның қандай қиын кезең­ді бастан өткергенін тілге тиек ете келе, «Тәуелсіздіктің ал­ғаш­қы жыл­дарында Елбасы көп­ұлтты мем­лекеттің бірлігі мен дін­ара­лық келісімін елдің басты құн­дылығы деп жариялауының арқа­сында, біз көп қиындықты еңсер­дік. Елбасы көреген саясаткер, реформатор, өз жерінің нағыз патриоты ретінде қазақ ұлтының болашағы үшін жұмысын жалғас­тыруда», деп атап өтті.

Жарық көрген жаңа туынды – мемлекеттің ғылыми қоғам­дастығы үшін айтулы оқиға екенін айтқан. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Ғалымқайыр Мұтанов: «Нұрсұлтан Назарбаев әлемдік ірі саясаткер ғана емес, белді ға­лым ретінде де танымал. Қазақ­станның аяққа тұрып дамуы Елбасының қызметімен тікелей байланысты екені күмәнсіз. Ғы­лымның дамуындағы оның тарихи көрнекті рөлін айт­пауға бол­майды. Әмірхан Мұрат­бек­ұлы атап өткендей, тәуелсіз­дік алып, Қазақстанда жеке даму моделін қалыптастыру әлем­де «Қазақстан жолы» немесе «Назар­баев моделі» деген атау алды. Әлемнің дамыған елдері эко­номикасының тәжірибесін есеп­ке алып, тәуелсіз мемлекет құру моделі шындығында өте ба­ға­лы еңбек. Елдің тұрақты дамуы­ның мұндай стратегиясы те­рең ғылыми фактілерге негіз­дел­ген және жаһандық ғы­лым мен тәжірибені тоқтаусыз зерт­теу­дің жемісі», деп пікір білдірді.

Іс-шарада Ерлан Сыдықов, Тілек­тес Есполов сынды белгілі ға­лымдар сөз сөйлеп, Рахым Ора­залиев, Ақан Бижанов, Алма Әбілқасымовалардың баяндамалары тыңдалды.

Мазмұнды шара аясында Елбасы кітапханасы мен Қазақ­стан Республикасы Ұлт­тық ғы­лым академиясы арасын­да­ғы ын­тымақтастық туралы мемо­ран­думға қол қою рәсі­мі өтті. Меморандумға қол қою­дың мақ­саты – Қазақстан Респуб­лика­сы­ның Тұңғыш Президенті – Ел­басы Н.Ә. Назарбаевтың идеялары мен бастамаларын насихаттау, сондай-ақ бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру.

 

АЛМАТЫ