Оқиға • 13 Қараша, 2020

Құжатсыз жүрген тұрғынға көмектесті

160 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ішкі істер министрлігінің тапсырмасына сәйкес Түркістан облысы Полиция депар­таментінде құжаттанбаған немесе КСРО құжатымен қалып қойғандарға құжат ре­сімдеу мақсатында көші-қон қызмет­кер­ле­рінен арнайы мобильдік топтар құрыл­ған. Осыған байланысты Мақтаарал АПБ-нің қыз­меткерлерінен құрылған мо­биль­дік топ халық арасында сұрастыру жұмыс­та­рын жүргізіп, құжаттанбаған тұр­ғын­ның ба­рын анықтаған. Содан кейін Мақта­арал ауданының тұрғыны Кульдастар Мир­­заеваға құжатын жасап беруге көмек берілді.

Құжатсыз жүрген тұрғынға көмектесті

Кульдастар Мирзаева Өз­бек­станнан ата­жұртына қоныс аударып, содан бері денсаулығы­на байла­нысты Қазақстан Рес­публикасының төлқұжатын ала алмаған. Полицейлер мүмкіндігі шектеулі тұрғынға көмектесу мақсатында елші­ліктермен хат-хабар алмасып, тыңғылықты жұмыстар атқарып, егде жастағы анаға төлқұжат ресімдеп берді.

 Өз кезегінде 70 жасқа келген кейуананың куанышында шек болмады. Ол полиция қызмет­керлеріне және оларды басқарып отырған басшыларына аналық алғысын жаудырды.

Атап өтетін жайт, Мақтаарал АПБ-нің полиция қызметкерлері жергілікті тұрғындарға, соның ішінде ҰОС ардагерлері мен мүмкіндігі шектеулі жандарға құжатын жасап беруге, ары-бері сандалтпауға үнемі көмек көрсетіп отырады. Бұл бағыттағы жұмыстар полицейлер тарапынан алдағы уақытта да жалғаса бермек.