Өнер орталығындағы домбыра, фортепиано, тоғызқұмалақ, шахмат, қолөнер үйірмелерінде жылына 300 баланы тәрбиелеу жоспарлануда. Орталықта әлеуметтік осал топқа жататын отбасылардың 5-15 жас аралығындағы балалары тегін оқитын болады. «Жас толқын» өнер орталығына Мархаба Мұстафа жетекшілік етсе, П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің түлектері балаларды өнер аспаптарына баулитын болады.
АЛМАТЫ