Руханият • 13 Қараша, 2020

«Кейіпкер» оқырманға жол тартты

348 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жуырда астанадағы Жазушылар үйін­де жас қаламгер, халықаралық «Ша­быт» жастар сыйлығының лауреаты Бақыт­гүл Сәрмекованың «Кейіп­кер» атты кіта­бының тұсау­кесері өтті.

«Кейіпкер» оқырманға жол тартты

Жазушылар одағының Нұр-Сұлтан қаласы филиалының директоры Дәулет­керей Кәпұлы жүргізген шараға елордалық жазушылар мен оқырмандар қатысты. Белгілі авторлар Төкен Әлжантегі, Толым­бек Әбдірайым және жас жазушылар Есбол Нұрахмет, Бақытбек Қадыр сынды басқа да кітапсүйер қауым «Кейіпкер» жина­ғына енген «Ақындардан жеріну», «Қоңыр үй, ақ жигули» әңгімелерін талдап, автор­дың қысқалық концепциясына һәм суреттеу ерек­шеліктеріне тоқталып, пікір білдірді.

Айта кетейік, «Кейіпкер» кітабы «Қалам­­гер» баспасынан 2000 данамен жарық көріп отыр.